Дүкенбай Досжан
Дүкенбай Досжан (09.09.1942) 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құланшы аулында туған. 1964 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУді үздік аяқтаған. 1963–1966 жж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдеби қызметкері, 1966–1975 жж. Алматыдағы мемлекеттік «Жазушы» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1976–1984 жж. ҚР Баспа комитетінде аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1984–1991 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, 1992–1994 жж. «Жалын» журналында аға редактор, 1994–1996 жж. ҚР Авторлық және аралас құқықтар жөніндегі агенттіктің бөлім бастығы, 1996–2002 жж. ҚР Ұлттық Банк мұражайының директоры болып қызмет еткен. 2002 жылдан «Мәдени мұра» – «Культурное наследие» журналының Бас редакторы. Алғашқы өлеңі 15 жасында жарық көрген. Содан бері 11 роман, 22 хикаят, 100дің үстінде әңгіме жазды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 60 жылдай жабулы мұрағатына алғаш енген жазушы сот құжаттары желісімен «Абақты» (1992) дерекнама кітабын және 1986 жылғы Желтоқсан қырғынының қанды ізімен «Алаң» (1993) романын жазды. «Жібек жолы»,»Отырар», «Фараби», «Зауал», «Дария», «Табалдырығыңа табын», «Жолбарыстың сүрлеуі», «Кісі ақысы», «Мұхтар жолы» (1998), «Абай айнасы» (1994), «Алыптың азабы» (1997), «Дала гладиаторлары» (2000), «Ақ Орда» (2005), «Үш тағдыр» (2005), «Бабалықпен тілдесу», «Диолог с детством» (2005, ІІІ том), «Жан тәтті» (2006), «Астананың бас архитекторы» (2007), «Жазмыштың формуласы» (2008), «Абайдың рухы» (2008), «Терезенің жарығы» (2009), «Когда я умирал» (2009) атты кітаптары жарық көрген. Әлемнің 20 тілінде жеке жинақтары шыққан. 1990 жылы 2 томдық таңдамалы шығармалары («Жазушы»), 2002–2003 жылдары 13 томдық шығармалар жинағы («Білім») оқырмандар қолына тиді. ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996), М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987). Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы. «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған. Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын, 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған. Жазушының есімі АҚШтың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2ші томына, «Ұлттық энциклопедияның» 3ші томына, «Абай энциклопедиясына», Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.
Жасыру
1. Эпостық тегеурін Дүкенбай Досжан қазақ халқының елдік бітім-болмысын, салт-дәс...
Көне кітапта мынадай сөз бар. Дүниеде тіршілік көзі таусылып заманақыр болғанда жердің үсті мен асты...
«Мен 1945 жылдың күзінде жергілікті қарт кісілердің көмегімен көне Сайрамдағы жер асты жолының...
Дүкенбай ДосжанСуретші Жасбай бүгін түн шеберханасында қонып шықты.Кешегі кеңес заманында тоқыма фаб...
Дүкенбай ДосжанСердалы атқа қонғанда күн тас төбеде тұрды. Сап-сары дала, қап-қара қойшылар жүр. Шыр...
– Ағаң шақырып жатыр, – деген дауыстан төргі бөлмеге ентелей ендім.Босағада ұшыраса кетк...
…Өмір көбіне тосын сәттерді көлденең тартады… 2009 жылы «Мәдени мұра» журн...
Әңгімені әуелі баяғыдан бастайық. Отырар орта мектебінде оқып жүрген кезім. «Несін айтасы...
Сонау алпысыншы жылдары әдебиетке Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Асқар Сүлейменов бастаған қуатты т...