Мейірғат Амангелдин
АКТЕРМейірғат Табиғатұлы Амангелдин – театр және кино актері. 1992 жылы 24 тамызда Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. 1997 жылы ОҚО, Сарыағаш қаласына отбасымен көшіп келеді.
2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдаған. 2013 жылдан бастап «Жастар» театрының актері.
Театрдағы рольдері:
Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» – Қожа (режиссерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, Дәурен Серғазин);
С.Қасымбек «Наурыз Ару» /ертегі/ – Құлыншақ (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев);
А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Құмырсқа (режиссері – Бейбіт Құсанбаев);
Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Қайыржан (режиссері – Дәурен Серғазин);
Д.Исабеков «Бақыт құсы» /драма/ – Керім (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);
С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар...» /драма/ – Бақыт (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);
Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай...» /комедия/ – Любен (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев);
Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» /ертегі/ – Бала (режиссері – Бейбіт Құсанбаев).
Кинодағы рольдері:
2015 -2016 ж.ж. «Қазақ хандығы» /көп сериалы тарихи драма/ – Қасым хан (режиссері – Р.Әбдірашев).
2018 ж. «Үзілмес үміт» /көп сериалы драма/ – Жандос (режиссері Ерлан – Нұрмұхамбетов)
Жасыру