
Нұрғиса Дәуешов
КҮЙШІНұрғиса Дәуешов 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты. Түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2011-2013 жж. - Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде инспектор. 2013 - 2019 жж. - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі директоры болып қызмет еткен.
2019 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.