
Нұркен Өтеуілов
ӘНШІКейіпкердің жанын толық түсініп, әр қимылын, демін нысанаға тигізіп ойнайтын болсаңыз, ауыздан шыққан әр дыбыс ауада еркін таралып, жан-жаққа естіледі.
ТолығырақНұркен Өтеуілов - 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған. Кино және театр актері, эстрада әншісі. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2011). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1998 жылдан).
Әкесі - Өтеуілов Әшімхан, ауыл шаруашылығында механик болып жұмыс істеген.
Анасы - Уәлибаева Жәмилә, Тұрмыс қажетін өтеу үйінде тігінші болған.
1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институтының) актерлік факультетін «Қазақстанның халық артисі», профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың класын музыкалық драманың актері мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
2003 жылдан "Бәйтерек" эстрадалық тобының әншісі.
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Ғ. Мүсірепов « Қыз Жібек» – Шеге, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Жантық, М. Әуезов «Қанды азу» – Бораш, «Қара Қыпшақ Қобыланды» – Қараман, «Еңлік-Кебек» – Көбей, «Абай» – жас Абай, «Айман - Шолпан» – Көтібар; Ш.Айтматов «Ана-Жер Ана» – Бекташ, «Ғасырдан да ұзақ күн» – Әбутәліп; Ж. Мольер «Скапеннің айласы» – Скапен, Б. Ұзақов «Үміт» – Замир, У. Шекспир «Ромео мен Джульета» – Бенволио, Меркуцио, Дж. Патрик «Қымбатты Памела» – Сол Бозо, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Жуан, Е. Жуасбек «Терең тамырлар» – Бас ағаш, Ә. Нүрпейісов «Қан мен тар» – Еламан, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Генрих, У. Шекспир «Гамлет» – Гамлет, А. Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Марио, Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’Арк» – Король, В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Федеровский, М. Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-Қараш» – Жарасбай, т.б.
Марапаттары:
2000 жылы «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының» лауреаты.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
2011 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Көптеген халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.
2012 жылы Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлығының Гран-при иегері.
2012 жылдың 20-26 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне әлемдік классиканың хас шебері, ұлы жазушы У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясымен қатысты. Гамлет бейнесі үшін – «Ең үздік ер бейнесі» номинациясын жеңіп алды.
Жеке қасиеттері:
Діни көзқарасы - мұсылман. Хоббиі - бильярд, боулинг. Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақстандық поэзия, триллерлер.
Жасыру
Өмірімнің мәні – ұрпағыма ізгі тәрбие беру– Аға, он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан...

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында кезекті премье...