
Рәбиға Есімжанова
ӘНШІРәбиға Есімжанова 1914 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. (3.7.1986, Алматы) Әнші, «Қазақстанның халық әртісі» (1967; 1959 жылдан «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі»).
Өнер жолын Семей облысы музыкалы драма театрында драма әртісі ретінде бастаған. Кейін Қарағанды, Алматы театрлары (1931 — 46) труппасында қызмет етіп, Еңлік, Айман (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Айман — Шолпанында”), Жібек (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында), т.б. сахналық бейнелерді сомдады. 1946 — 60 жылдары Қазақ радиосының, 1960 жылдан өмірінің соңына дейін “Қазақконцерттің” әншісі болды. Ол, негізінен, қазақтың халық әндері мен халық композиторларының әндерін (“Әупілдек”, “Әпитөк”, “Гауһартас”, “Жалғыз арша”, “Жонып алды”, “Ләйлім”, “Құдаша”, “Маңмаңгер”, т.б.), сондай-ақ, С.Кәрімбаев, Ш.Қалдаяқовтың әндерін орындап, халық арасында насихаттады. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
Жасыру