
Сайлау Қамиев
ӘНШІ2014 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
ТолығырақСайлау Қамиев 1976 жылы 17 маусымда Атырауда туған. Театр актері, эстрада әншісі. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2014). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері әрі қоюшы - режиссері.
1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институтының) актерлік факультетін «Қазақстанның халық артисі», профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың класын музыкалық драманың актері мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
2003 жылдан "Бәйтерек" эстрадалық тобының әншісі.
2013 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының режиссура факультетін қызыл дипломмен бітірген.
2010 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасының аға оқытушысы.
Марапаттары:
2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
2014 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Жасыру