Шархан Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы
ЖАЗУШЫШархан Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы 2000 жылы 11 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде жоғарғы оқу орнын және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің құқықтану факультетінде магистрлікті білімді тәмәмдаған.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Бірнеше республикалық, облыстықтық ақындар айтысы мен жыр мүшәйраларының жүлдегері.
2022 жылы «Тәтті мұң» атты кітабы жарық көрген. Кітапта әңгімелер мен өлеңдері, кюар кодтар арқылы әндері берілген. Бұл кітап 2023 жылы Брайл қарпімен және аудио жазба түрінде жарық көрді.
2026 жылы «Рояль» атты әңгімелер жинағы жарық көрді. Кітапта жан психологиясы мен романтикалық тақырыптардағы махаббат әңгімелері баяндалады.
Сондай-ақ, анимциялық фильмдерге сценраий жазумен айналысады. Қазіргі таңда «Тұлым», «Бозторғай», «Суындар», «Екі лақ», «Супер қарлығаш» сияқты мультфильмдері Балапан арнасында көрсетіліп жүр. Мұхаммед-Қанапия бірнеше жинақтар мен шығармашылық еңбектерге құрастырушылық, редакторлық жұмыстар жасаған. Сазгерлік пен сөзгерлікті ұштастырған ақынның 20-дан аса авторлық әндері бар. Мұхаммед-Қанапияның кейбір әндерін елімізге танымал әншілер, өз репертуарына қосып, үлкен сахналарда орындап жүр.
Ол қазіргі таңда Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі.
Жасыру