Сүгір Әліұлы
КҮЙШІСүгір домбырада оң бүраумен қатар теріс бүрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйлеріне үқсамайтын айрықша интонация бар.
ТолығырақСүгір Әліұлы (1882, казіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы - 1961, сонда) - күйші-композитор. Ықыластың шәкірті. Жастайынан ел арасында "домбырашы Сүгір" атанды. Сүгірдің "Телқоңыр", "Майдақоңыр", "Шалқыма", "Ыңғай төк", "Қосбасар", "Бес жорға", "Боз інген", "Ілме", "Ақжелең", "Амангелдіге арнау", "Аққу", т.б. күйлері бар. Сүгір домбырада оң бүраумен қатар теріс бүрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйлеріне үқсамайтын айрықша интонация бар. Ол домбыра үнін қобыз үніне жақындатып, Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Сондықтан күйлерінде қобыз үні басым. Сүгір күйлері 1964 ж. түңғыш рет халық аспаптар оркестрінде орындалып, 1968 - 69 ж.ж. нотаға түсірілді. Оның күйлерін насихаттаушылар: Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков, У.Бекенов, Г.Асқаров, т.б. Сүгірдің өнері туралы жазушы Т.Әлімқұлов әңгімелер, ақын Б.Батырбекова поэма ("Күйші Сүгір") жазды.
Жасыру