
Жанар Дұғалова
ӘНШІ
Жанар Дұғалова 1987 жылдың 17 қаңтарында Қазақстанның Қызылорда қаласында туған.
Türkvizyon 2014 Ән байқауының жеңімпазы. KeshYou тобының бұрынғы орындаушысы. 2014 жылдың тамызынан бастап, жеке дара мансабын бастады. "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" (2015 ж.).
Жанар Асылбекқызы Дұғалова Қызылордада туып, Павлодар қаласында өскен. Бала кезінде отбасымен бірге Алматыға көшті. Диапазоны кең әнші. Бірінші мұғалімі - анасы. Жанар жастайынан әнші болуды армандаған. Алты жасында бірінші рет жетістікке жетті. Әрі қарай республикалық, қалалық байқауларда жеңісті болды. 2001 жылы "Жас қанат" байқауының жүлдегері атанды. Жанар Доғалова музыкалық колледжін бітірген және Мәскеудегі ГИТИС-ті тәмамдаған. 2001 жылы продюсер Баян Есентаевамен кездеседі. Қазір Жанар "Кеш You" тобының мүшесі. Әнші болудан басқа ол актерлік шеберлігі де жетерлік. "Ғашық жүрек-2" киносына түскен.
Әндері: Асықпа (2013), Қазақ қыздары (2013), Туған жер (2013), Ризамын (2013), Махаббат (2014), Қазақтың арулары (2014), Таңданба (2011), Сүйемін деші (2012), Сен емес (2012), Қарай бер (2013), Махаббат назы (2013), Кім үшін (2013), Бір сұрақ (2013), Уайымдама (2013), Ізін көрем (2014), Сен мені түсінбедің, Қайрат Нұртаспен бірге (2014), Айта Берсiн (2015), Әке-бала (2015), Жаңбырлы түн, Нұрболат Абдуллинпен бірге (2015), Мұның дұрыс болмады, Нұржан Керменбаевпен бірге (2016), Ала кетпедің (2017).
Жасыру