
Зарина Байкенова
БИШІОл – педагог-хореограф, актриса, Қазақстан халықтарының Атырау облыстық Кіші ассамблеясының мүшесі, "Атырау балет" хореографиялық мектебінің директорының орынбасары. Хореография бойынша халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты.
ТолығырақЗарина Байкенова 1993 жылдың 24 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол – педагог-хореограф, актриса, Қазақстан халықтарының Атырау облыстық Кіші ассамблеясының мүшесі, "Атырау балет" хореографиялық мектебінің директорының орынбасары. Хореография бойынша халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты.
Фильмдері:
2011ж. - "Запрещённые танцы" - "Лия" (режиссер - Есболат Беделхан (Орда тобы) және Анар Жунусова
Видеография:
2011 ж. - "Каракоз" - Тел коныр (режиссер Анар Жунусова)
2012 ж. - "Асыл жаным " - Алмас Кішкенбаев (режиссер Жандос Айбасов)
2010 ж. - Kcell компаниясына арналған жарнамалық ролик "Дари любовь всем влюблённым" (режиссер Сәкен Жолдас)
2015 ж. - "Helios - солнце наших дорог" атты жарнамалық ролик (режиссер Арман Хайруллин)
2014 ж. - "London time " атты жарнамалық ролик (режиссер Исабек Абуталиев)
Мансабы:
«Салтанат» мемлекеттік ансамблінің балет әртісі (2011 ж. - 2012 ж.) Алматы қаласы
Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрда актриса (2014 ж. - 2015 ж.) Атырау қаласы
Қоғамдық келісім және достық үйінің режиссер-қоюшысы (2015 ж. ) Атырау қаласы
"Атырау балет" хореографиялық мектебінің директорының орынбасары (2013 ж. – қазіргі уақыт)
Жетістіктері:
Хореография бойынша халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты болған жылдары:
Қазақстан - 2004ж, 2014 ж.
Ресей - 2005 ж.
Болгария - 2004 ж.
Польша - 2013 ж.
Германия - 2011 ж., 2013 ж
«Tanzolymp» халықаралық чемпионатындағы қола медаль иегері (2011 ж.), «Өнердегі аққу бейнесі» тақырыбы бойынша Республикалық ғылыми конференциясының 1 дәрежедегі лауреаты (2011 ж. Алматы қ.). «Мисс Алматы Спорт» байқауының финалисі, «Айнура» фотоательесінің негізгі тұлғасы (2013 ж. – қазіргі уақыт, Атырау қ.).
Қосымша дерек:
Атырау қаласында алғаш рет "Чак-чак party" атты татар сауық кешін өткізді.
«Тайқазан» республикалық жобасының шеңберінде Берекет Ақжігітовтің жұмыстарының галерея-көрмесін өткізді.
Қазақстан елшілігінің шақыруы бойынша Қазақстан мәдениеті күндерінде Үндістанда Қазақстанды таныстырды.
Жасыру