Жеңіс Нұрлыбаев
СУРЕТШІЖеңіс Нұрлыбаев 1965 жылы 9 мамыр күні Алматы облысы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Жеңіс балалық шағынан бастап суретші болуды армандады. Оның мектептегі сүйікті пәні сурет және сызу сабағы болды. 1982 жылы Жалаңаш орта мектебін үздік бітірді.
Қазақ суретшісі, кескіндемеші, график, мәдениетті қолдау Жылы эмблемасының авторы (2000 ж.), публицист, «ҚР мәдениет қайраткері», Президент стипендиясының иегері (2010 ж.)
Жанр: живопись, графика, компьютерлік графика, карикатура.
Стиль: реализм
1982 - 1989 жылдар арасында ҚазПИ-дің көркем сурет факультетінде оқыды (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті).
1983 - 1985 жылдар бойы КСРО қарулы күштер қатарында әскери қызмет атқарды.
1989 жылы "Ақ Желкен" журналында суретші-иллюстратор ретінде жұмыс істеді.
1990—1991 жылдары "Зерде" журналының көркемдеуші редакторы.
1991—1993 жылдары "Мәдениет" журналының суретшісі.
1994—2008 жылдары "Тура Би" журналының көркемдеуші редакторы.
2009 жылдан бастап "Фолиант" баспасының суретшісі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Астана күнінде кездесу, 7 шілде 2007 ж.
Суретші Жеңіс Кәкенұлы көрермен алдында кескіндемеші, график, кітап иллюстраторы, арт-критик, карикатурист, эмблема және медаль авторы ретінде белгілі.
Жеке көрмелері:
"Көңілімнің сарасы". Президент мәдени орталығы, 23 сәуір, 2003 ж.
"Дидар ғайып". Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы. 10 желтоқсан, 2005 ж.
Жеке көрме. Астана қаласының Қазіргі заман өнері мұражайы. 22 желтоқсан, 2006 ж.
Жеке көрме. ҚР Жоғарғы соты. 6 қараша 2007 ж.
Жеке көрме. №53 мектеп-лицей. 16 қараша 2007 ж.
"Көлеңке ұзарғанда". "Құланшы" галереясы, 15 сәуір 2009 ж.
"Квинтэссенция". ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы. 1 қазан 2010 ж.
Бірлескен көрмелері:
"The smell of wormwood. Fine art works exhibition of Kazakhstan painters devoted th the Independency day of the Republic of Kazakhstan". Нью-Йорк қаласы. желтоқсан 2008 ж.
"Zeitgenössische Kunst aus Kasachstan". ART CENTER BERLIN. 18 қараша 2009 ж.
"Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесе дамыту ұйымының (TURKSOY) XII тәжірбиелік лабораториясына орай халықаралық суретшілер көрмесі". Амасия қаласы. 3 маусым 2009 ж.
"Жусан иісі". "Құланшы" галереясы. 3 наурыз 2010 ж.
"Тандем". "Ою" галереясы. 2 қараша 2010 ж.
Жасыру