Сырлыбек Бекботаев. Бейнелеу өнерін жасай білетін суретші

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2614

«Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында «Мәдениет порталы» "Папирус" айдарын қазақ суретшілерінің арасында ұйымдастырып отыр. Әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Аталмыш айдарды алғаш болып ашқан Дәуренбек Бекназароватың шығармалары және оған берілген анализдерде болса, келесі кезек суретші Санжар Сырғабаевтың жазған картиналарында. Пікір иесі – Сырлыбек Бекботаев.

Санжардың дәстүрлі бағытта, академиялық жұмыстар жасауға тырысатыны көрініп тұр. Түсі, мазоттарынан советтік кезеңдегі соцреализмнің элементтерін байқауға болады. Жас суретші болған соң жаңалық күтесің ғой, бірақ, әлі де іздену керек екен . Композициялық және концептуалдық тұрғыдан ойын ұзарта түсіп, жетілдіру қажет. Белгілі бір тақырып төңірегінде шығармасын топтастырмайды, тақырыпқа баруы алуан түрлі. Жалпы живопись яғни кескіндеме ретінде қабылдауға болады бір сөзбен. Шығармашылық бет- бейнені қатты көрсете бермеген соң, көп жағдайда коммерциялық кескіндемеге келеді дер едім. Санжардың замандастарына қарап, солармен санасып жаңа бағытта, соны сүрлеуге барғанын қалар едім. Санжар – бейнелеу өнерін жасай білетін суретші.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...