Менің факультетім – менің болашағым

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
381

Қазақстанның Шығыс елдермен қарым қатынасын, олардың тарихы мен экономикасын және мәдениетін зерттеу үшін, Шығыс елерімен достық қарым қатынас орнатып, оны әрі қарай дамыту үшін шығыс тілін жетік меңңгерген аудармашылар, шығыстанушылар қоғамға, елімізге керек болып жатыр. Әл Фараби атындаығ Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті шығыс тілін меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындауда басты орындарды алады. Мен оқып жатқан факультет туралы айтар болсам, Шығыстану факультеті білікті мамандар дайындап шығаратын, қызыққа әрі шығармашылыққа толы өмірі бар білім орталығы. Қазіргі таңда Шығыстану факультеті қытай, корей, жапон, түрік, араб, парсы, үнді тілдерін үйретіп, жоғары санаттағы шығыс тілдерін терең меңгерген білімді студенттерді дайындап, теория жүзінде және практика жүзінде тілдерін жетілдірген мамандарды дайындап жатыр. Біз тілді оқу барысында практика жүзінде жақып, тыңдап, сөйлеп жүзеге асырамыз, сабақ кезінде әртүрлі тақырыпта диологтар құрып, кішігірім көріністер ұйымдастырамыз, барлық бағытта өзімізге падалы дүниелердң сіңіруге тырысамыз. Сонымен қатар оқу барысында тек оқып қана қоймай, әртүрлі кафедра аралық, факультет аралық, университет аралық іс шараларға өз үлесімізді қосып жатамыз. Мен Қытай кафедрасында білім алып жатқандықтан дәлел ретінде қытай тіліне қатысты бірнеше жарыстар мен іс шараларды атап өтейін, жыл сайын Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанындағы Конфуций Институтының ұйымдасуымен өтетін қытай тілінде шығарма жазу, коллиграфия, ән жарыстары кезінде қалыс қалмай, жүлделі орындарға ие болып жатамыз, жыл сайын тойланатын Қытай жаңа жылында бәріміз жұмыла ат салысып, ұйымдастырушыларға өз тарапымыздан өз өнерлерімізді ұсынамыз, міндетті түрде жыл сайын «Қытай апталығы» өтеді, қытай ұлттық тағамдарымен танысып, дәм татамыз. Қара шаңырағымызда Алматыдағы Қытай Халық Республикасының бас консулы Чжан Вэй мырзамен өткен кездесуді атап өткеніміз жөн болар. Екі сағатқа созылған кездесу барсында бірнеше тақырыптарда сөз қозғалып, кездесу аяқталарға таяп қалған кезде Чжан Вэй мырза Қытайтану кафедрасына екі жүз данадан асатын сөздіктерді сыйлады. Бұл дегеніміз, кафедоамыздың кітап қоры көбейеді дегенді білдіреді, соған орай студенттердің базалық білімінің одан ары қарай нығаюына ықпал етері сөзсіз.


Әл Фараби атындаығ Қазақ Ұлттық Университетінің 

Шығыстану факультеті:

Жолдыбай Ляззат, Аударма ісі 4-курc 

 Жетекшісі: Маулит Бақытнұр


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...