Заман

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
3228

Заман шіркін, бүгінде құбылмалы,

Күннен күнге өзгеріп құбылады,

Адамдар да заманнан қалар емес

Күнде бір ой жаңаша туылады.

Жарысасың жан салып заманменен,

Жаңалыққа тоймайды адам деген,

Заманым алға озып бара жатса

Замандастан қалайша қаламын мен.

Қаламымды қолға алып ұштаймын да,

Қанаттанған қыранға ұқсаймын да,

Жыр жолдарын жіберем төгіп-төгіп

Қуат беріп қолдайды көктегі ай да.

Адалбекқызы Айтжамал

Жетекшісі: Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің

Бастауыш сынып мұғалімі Хабдай Айнур

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 қазан күні Әміре Қашаубаев атындағыдәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауына қатысушыла...