Біз кітап оқып өстік. Әр совет адамы, күллі капиталистік елдер қоғамы, алдымен, оқырман, сосын, көп...
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Залда энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, кітап, газет және журнал шежіресі, библиографиялық көрсеткіштер, мемлекеттiк органдар мен қаржы бизнес-құрылымдарының мерзімді басылымдары, қашықтықтағы деректер қорларына кіру мүмкіндіктері ұсынылады.
Библиографтар фактографиялық мәлiметтерді iздестiру, тақырып бойынша әдебиеттерді тандау, құжаттың мекен-жайын айқындау, әдебиеттiң ғылыми - қосалқы тiзiмдерiн құру жұмыстарын іске асырады.
Виртуалды анықтамалық қызмет бағдарламасында (Кітапханашыға сұрақ ( www.nabrk.kz) кітапхана қолданушыларының сауалдарына жауап орындалады.
Зал семинар – тренингтер, пайдаланушылардың ақпараттық - библиографиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру бойынша сабақтар, библиографиялық шолу, экскурсиялар, көрмелер өткізеді.
Байланыс: 3 қабат, 309 кабинет, тел. +/7172/ 472675, E-mail: spravka@nabrk.kz
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жексенбі: сағ 10.00-20.00.