Беларусь астанасында «Барша адамзатты біріктіруші құрал – кітап» атты ХXVІІІ Минск...
«Жазушы» залы
2016 жылдың 14 мамыр күні жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың және М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың сондай-ақ, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Дүкенбай Досжанның шығармашылығына арналған «Жазушы» залы ашылды.
Дүкенбай Досжан ХХ ғасырдың 60-жылдары әдебиетке келіп, қазақ прозасының дамуына айрықша үлес қосты. Оның құнарлы қаламынан 11 роман, 20-дан астам хикаят, 100-ден аса әңгіме дүниеге келіп, қалың оқырманның рухани қазынасына айналды. Әлемнің 20 тіліне кітаптары аударылды.
Сондай-ақ, автор шығармалары Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана қорында оқырмандардың қолжетімділігі үшін ұсынылған. Бүгінде «Трудный шаг», «Жібек жолы», «Ақ орда», «Серебряный караван», «Судный день» кітаптарының сандық түрлеріментолықтырылды.
Дара тұлғаның қаламынан туған мол мұрасы, оның азаматтық, жазушылық ой-өрісін, ұстанымын шыңдаған дүниелері ұлттың рухани ордасы арқылы оқырман қауыммен табысты, өзін сүйген, ардақ тұтқан замандастарының қастерлеп тұтынар қасиетті бұйымына айналды. Ұлы қаламгерге серік болған бұл құндылықтардың сөз киесін, ұлт рухын қадір тұтқан қауым үшін бағасы еш уақытта төмендемейтіні хақ.