Өнер бөлімі

КІТАПХАНА
3821

Негізгі бағыттары:
- оқырмандардың ҚР Ұлттық кітапханасы қорында жинақталған ұлттық және әлемдік ноталы-музыкалық мұраға еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;

- ҚР Ұлттық кітапханасындағы ноталы-музыкалық жинақтар негізінде әуен өнерін тарату және аталмыш жинақтарды сақтау мәселесін шешу.

Негізгі міндеттері:
- қосалқы және кітап сақтау қорындағы өнер саласындағы әдебиеттер арқылы оқырмандарға қызмет көрсету;
- өнер жайындағы әдебиеттердің қосалқы қорын, электрондық, аудиовизуалды басылымдар мен ноталардың арнаулы топтамасын қалыптастыру;
- қордың есебі мен айналымын ұйымдастыру, тиімді орналастыру;    
- электронды және карточкалы түрде каталогтарды жүргізу;
- студияда күйтабақтардың сандық көшірмесін жасау;
- оқырмандарға музыкалық шығармаларды тыңдау және  ойнау үшін музыкалық аспаптарды беру қызметін көрсету;
- көркем безендірілген кітап көрмелерін өткізу және музыканттармен, сазгерлермен, орындаушылармен кездесу кештерін ұйымдастыру;
- Қазақстан кітапханаларына әдістемелік кеңес беру.

Бөлімде:
-  оқу залы;
-  сазды шығармаларды тыңдау үшін жеке кабиналар;
-  күйтабақтардан сандық көшірме және CD жазу;
-  музыкалық аспаптармен ойнау үшін арнайы бөлме;

- «Өнер әлеміне саяхат», «Қазақтың қол өнері», «Жаңа басылымдар», «Жаңа журналдар» тұрақты және тақырыптық көрмелері жұмыс істейді.

Бөлім жанынан «Інжу-маржан» өнер клубы жұмыс жасайды. Клубтың мақсаты - қазақ өнерін насихаттау, өнер қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу, сурет көрмелерін ұйымдастыру, шығармашылық байланыстар орнату және т.б. іс-шаралар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен бір жарым жастағы Айшаның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...