Музей әлде клуб?

МУЗЕЙ
3244
Біздің елдегі музейлер өздерінің бейініне (бағытына) сай келмесе де ақын-жазушылардың тойын атап өтіп жатады. Жаңа жыл, 8 март мерекелерінен бастап жыл бойы концерт, көрме ұйымдастырады. Жолдауға үн қату, денсаулық күнінде жүгіру, донор күнінде қан тапсыру, жемқорлыққа қарсы күрес немесе өрт қызметінің лекциясын тыңдау, Наурызда киіз үй тігу де музей қызметкерлеріне жүктелген.

Көрнекі сурет. ҚР Ұлттық музейіСоңғы күндері әкімдіктердің талабымен көп музейлер қорында сәйкес экспонаты болмаса да Абай мен әл-Фарабиге арнап көрме өткізуді бастап кетті. Көрмеге қойылған фотосуреттердің барлығы интернеттен алынған. Уникальность деген түсінік мүлде жоқ. Осының барлығы "для отчета" жасалады. Әйтпесе интернеттен алынған фотомен жасалған көрме кімге қызық?! 

Абай мен әл-Фараби тақырыбы еліміз бойынша 4-5 музейге ғана сәйкес келеді. Осы музейлер өздері көрме ұйымдастырып, облыстарды араласа жағдай басқаша болар еді. Облыстар мен қалалардағы музейлер аталған тұлғалардың мұрасын сақтап отырған музейлермен байланыс орнатса кәсіби қадамға жатқызуға болады. 
Музей басшылары батылдық танытып, өздері басқарып отырған музейдің бейініне келмейтін шаруалардан бас тартса деймін (мүлде). Аттың үстінде ән салып, тоғайда клип түсіру, ақын өлеңдерін оқу, эстафета беру сияқты дүниелер музейдің жұмысы емес (әрбірден соң түкке қажет емес). Бұны театр мен клубтарға қалдырыңыз.
Қазіргі уақытта адамдардың уақытын өткізетін мәдени, ойын-сауық, көрме мекемелері өте көп. Демек, музейдің бәсекелесі де өте көп деген сөз. Бұндай жағдайда музейлер өздерінің қайталанбас экспозицияларымен, басқа музейлер ұсына алмайтын көрмелерімен ғана ерекшелене алады. Музей қонақтарына керегі де осы. Керсінше, сіздер өздеріңіздің қорларыңыздағы экспонаттарды шығарыңыздар. Мүмкіндігінше профессиональный подход болғаны дұрыс. 
Мәдениет басқармаларындағы мамандардың музей саласын жете түсінбеуі, әкімшілік жолмен "төпеп" үнемі тапсырма беруі бұл саланың дамуын осылайша тежеп отыр. Жергілікті әкімдіктер облыс-қала музейлерін анда-мында көрме жасауға, ән айтып клип түсіруге жұмсап, музейлерді "Музей в чемодане" етуі мені қынжылтады. Алдағы уақытта бұндай істер азая түссе деймін.


Нұрсерік Жолбарыс

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...