Боб Дилан. Мен тіпті өзімнің балалығымды ұмытып қалған адаммын

МУЗЫКА
1188

Мен өзімді ақын деп санаған емеспін, маған ақын деген сөздің өзі ұнамайды. Мені трапецияның гимнасты деп есептеңіздер. Барлығы Дилан ешкіммен сөйлеспейді деп жүр. Бұл не сандырақ. Ол, менің қоғам алдындағы міндетім емес.

фото google суреттер жинағынан

Танымал болудың жүгі өте ауыр. Иса пайғамбар тым танымал болғаны үшін, оны дар ағашына керіп тастады емес пе!? Мен сондықтан да саяқ жүргенді жөн деп білемін. Мен ешқашан құтқарушы немесе пайғамбар болуды қалған емеспін. Бәлкім, Элвис болуды армандаған шығармын. Сондықтан, мен өзімді оның орнына оп-оңай қоя алатынмын. Ал пайғамбарға өзімді ешқашан ұқсатқан емеспін.

Мен Элвисті алғаш тыңдағанымда, біреуге жұмыс істеудің және ешкімнің мені басқарудың қажетсіздігін ұғындым да, тар-қапастан босап шыққандай әсерде болдым. Мен жас бала болмасам да, таң ата ұйқымнан ояна салысымен, бар күшімді сезімге жеңідіріп «Тамаша, мен әлі-ақ, көп өтпей Элвисті көретін боламын» деймін өзіме өзім.

Бір кездері менен Гитлердің қашан өзін-өзі өлтіргені туралы сұрақ қойды. Мен тіпті өзімнің балалығымды да ұмытып қалған адаммын.

Менің өскен ортам Хиббингте (Миннестон штатына қарасты қала) еврей діндарлары болған емес. Олар, 13 жасқа толғанымда еврей дәстүріне сай рәсімді орындауға, Хиббингке жылға жуық уақытқа қыстың орта кезінде ақ сақалды, қар киімді, Бурклин шал әйелі екеуі автобуыспен келіп түскен болатын. Олардың орналасқан орны, қаланың басты ойын сауық орталығы болған. Нақты айтсам, менің үздіксіз бар уақытымды сонда болуға жұмсаған Рок-н-роллдық кафе болатын. Сондықтан да, әр кезгі дәстүлі сабақты орындауға белгіленген уақытта, астыға түсіп бара жатып басым ессіздікке сүңгіп бара жатқандай сезімде болатын.

Мен Минесстондағы тыныш ортада өмір сүрдім. Өзім жалған сөйлемейтін адаммын, шындығын айтар болсам менің ол жерді тастап кетіп қалуымның басты себебі әлемді аралап көру немесе оны жаулап алу емес. Тыңдаңыздар, мен жай ғана ол жерден табанымды жалтыратып, ешқашан оралмаудың ғана қамын жасадым.

Әкем артына аз ғана дүние қалдырды, тіпті, ештеңе деуге де болады. Білсеңіздер ол өте қарапайым адам болатын. Маған одан тек мирас боп, оның сөздері ғана қалды. Бір кездер ол маған «Балам, сен білесің бе? Мына өмірде бәрі де, тіпті, ата-анаңның өзі сенен теріс айналатындай өзіңді оңай былғап алуға болады. Сондықтан да, есіңде болсын: егер қапияда басыңа сондай іс түсетін болса, бастысы сеніміңе селкеу түсірме, сонда құдайдың өзі саған көмектесетін болады» деген болатын.

Мен сенімнен тым алыстап кеттім. Өйткені сенімнің өзі, өзіңді әрқашан кінәлі сезінуге мәжбүр етеді. Адамдар өздерінің сенімдерін сирек қолданады. Олар жасайтынын қажет кезде жасап алады да, кейін сол ісіне жата кеп өкінеді. Егерде, сен кімге сену керек екенін білгің келсе, онда өзіңді-өзің алдай беруді доғарғаның дұрыс.

Көп адам біле бермейтін мындай бір мәселе бар, айталық, қысқа қойылыған шаштан, ұзарып өскен шаш әлде қайда жылы болады. Шашы қысқалар алдымен тоңады. Олар өздерінің суықтан тоңып қалтырағанын жасыруға мәжбүр болғанымен, жаурамаған адамдарға деген өзінің мәңгілік қызғанышын оятады. Мұндайдан кейін, осы сықылды адамадар не шаштараз, не конгресменге айналады. Айтпақшы, түрме бастықтарының басым көпшілігінің де шаштары қысқа болады. Тіптен, Джон Уликстың (театр актері, Линкольнді өлтірген адам — Esquire) шашы, Аврам Линкольннан әлде қайда қысқа болғанын білетін шығарсыңдар.

Барак Обама маған ұнайды. Ол, шынайы өмірде бар кітап кейіпкеріне ұқсайды. Саясат көптеген мәселерді шешуге қарағанда, оларды дүниеге әкелуге қабілетті. Мен жаңалықтарға қарап отырып, әлемді музыка тыңдамайтындар басқара ма деп ойлаймын. Мораль мен саясат бір-біріне өте жат дүние.Бүгінде соғыс өрті барлық жерді шарпуда. Кейде, соғыс тіптен артқы қақпадан да жүріп жатыр ма деген ойда қаламын. Теңсіздік деген мыжыманы жек көремін. Адамдарды бір-бірімен теңестіретін жалғыз нәрсе ол – өлім. Тіптен, менің Джорд Буш туралы да ән жазуым әбден мүмкін. Сайып келгенде, оның атымен рифмді ұстап тұру түк те қиын емес.

Егер менің әндерімді сұрыптайтын болсақ, бірде-бір саяси әндерді таба алмайсыз. Себебі, музыка әлемді құтқара алмайды. Мен бүкіл ғұмырымда небәрі төрт ән жазсам, сол төрт әнді мен миллион рет жаздым. Мен туралы білу үшін, жай ғана менің әндерімді тыңдау жеткілікті. Бастысы – дұрысын таңдай білу. Мен драматург болмағандықтан, менің әндерімдегі кейіпкерлердің барлығы дерлік – менің өзім.

Менің музыкам саған ұнаса, онда мен саған әлденеге қарызбын деген сөз емес. Жанкүйердің несі жақсы?  Сен марапаттарымен марқайып, тамақтанып, тіптен олармен бір төсекте жата алмайсың. Бәз біреулер маған келіп «Сіз қандай кереметсіз»,- деп жатады. Бірақ бұндай қолпаштауларды сирек қабылдаймын. Өйткені, шындығында «сіз қанай кереметсіз» деп айтатындардың бәрі біткен есуастар.

Кезінде көкемнің әйелі: «Боби, менің радиодан шыққым келеді, сен осы қашан мен туралы ән жазасың?» деп, естір құлаққа ерсі, кезекті сұрағын қойған болатын. Сонда, «Мен сіз туралы әлдеқашан жазып қойғанмын. Тек сіздің радиоқабылдағышыңыз басқа арнаға теңшеліп қалған»,-деп жауап берген болатынмын.

Мен өз жанкүйерлеріме деген жауапкершілікті ешқашан сезінген емеспін. Тек өзімнің жаратқан дүниелеріме ғана жауап беремін, ал жанкүейрлермен шаруам жоқ.Өз өнерімді ұсынар адамдарға, өзімді ұлы күресуші, ұлы махаббат жаршысы немесе асқан гени ретінде көрсету емес, олардан, бөлектеніп өзіммен-өзім болу ғана. Қолымнан келетіні осы. Мен басқалар секілді, өзгелерді оятушы мақсатындағы адам емеспін. Онымен, өз мамандары, яғни, Мэдисон-авеню айналыссын (нью-йорк көшесінде орналасқан, жарнамамен айналысушы компания — Esquire). Бұл солардың жұмысы.

Маған ақша тапқан ұнайды.Ақын болу деген әрқашан міндетті түрде әлденені жаза беру деген сөз емес. Бүкіл өмірі жанармай бекетінде өткен адамдар бар. Және олар ақындар болатын.Өнер әлемі сұлу әйелдерге толы деген сөз бар. Бірақ, егер кімде-кім бүкіл ғұмырын сұлулармен өткізгісі келсе, не адвакат не дәрігер болғаны дұрыс деп ойлаймын. Немесе жеке детектив болғаны, тіптен жақсы.

Кімде кім музыкаға шындап кіріскісі келсе, аккордеон тәжірбие жүзінде барлық аспаптардың орнын баса алатынын есінде ұстағаны жөн.

«Битлз» – ұлы музыка. Бірақ, мен оны рок-н-ролл деп атамас едім. Рок-н-ролл бүл ересектердің имитациялық сексі. Одан басқа ештеңе емес.

Мені бүгінде жастардың көше бойында өздерінің ұялы телефондары мен айподтарынан бас көтермей бейнеойындар мен жазбаларға шұқшиғаны таңқалдырмен тынбай көңілімді әбден қалдырады. Бұның бәрі өздерінің жеке өмірін ұрлап қана қоймай олардың шынайы өмірін қалыпқа келтіруіне кедергі келтіреді. Әрине, олар еркін, және өздері қалағанның бәрін жасауға болады. Дегенмен еркіндік туралы айтар болсақ, ол сондай арзан дүние емес, бірақ, олар түбінде өздерінің өмірлерін электронды ойындарға текке кетіріп жатқандарын түсінетін болады.

Мен теледидарға көп қарайтын секілдімін.
Мен, осы заман ағымына ілесе алмай қалғандаймын. Басқаша айтқанда, әрине.
Мен өзімнің жүз миллионға жуық күйтабағымды саттыппын. Бірақ, оның қалай болғанын түсіндіріп бере алмаймын.

Сәттілік – таңертең оянып, кешке ұйықтау. Және осы екі аралықта шын мәнінде өзіңе ұнайтын іспен айналысу. Шабыт жиі қонақ бола бермейді. Сондықтан, оны қайдан кездестірсең, сол жерден тап. Үміт пен қорқыныш әрқшан қолдан қолға өтетін, шебер комедиялық дуэт.

Егер біз өз түсімізді есте сақтап қала алатын қабілетке ие бола алсақ, онда бейсанамыз туралы көп дүние біле алатын едік. Мәселен, қараңғылықтағы түкпірге жақындамай-ақ онда не барын анық білетін едік.

Мен хаосты құрметтеймін. Бірақ, хаосты мені құрметтейді деп үміттенбеймін.
Егер сиыр сауғың келсе, сүтін толықтай сауып алатыныңа сенімді бол.
Бір сәтте, ғашық һәм парасатты болу мүмкін емес.
Мен сексенінші жылдарда қалып қойған секілдімін.

жазып алған: Билл Фланаган
орыс тілінен аударған: Тілек Ырысбек

oner.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...