Елордада үздік жас пианистер марапатталды

МУЗЫКА
894

Елордада Astana Piano Passion республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Оған  7 жастан 17 жасқа дейінгі жас таланттар қатысты.



Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласынан келген 15 жастағы Жұлдыз Ержеңіс Astana Piano Passion Гран-при иегері атанып, 3 000 000 теңге ұтып алды. Сондай-ақ, оған «Астана Опера» театрының Камералық залында жеке концерт ұйымдастыруға немесе әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Симфониялық концертке қатысуға мүмкіндік берілді.



«Мәдениет саласындағы маңызды бағыттарының бірі – еліміздегі жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына жол ашу. Бүгін жеңімпаз атанған ұл-қыздарымыз болашақта әлем сахналарын бағындыра алатынына сенімдімін. Алдағы уақытта іс-шара ауқымын бұдан да кеңейтуіміз керек. Себебі, музыкада шекара болмайды, кез келген әуеннің тілі барша халыққа ортақ. Бүгін марапатқа ие болған жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Гала-концертте.



Іріктеу кезеңіне 112 бала қатысты, оның 59-ы жартылай финалға өтті. Қазылар алқасы еліміздің барлық облыс орталықтарына барып іріктеу турларын және балаларға арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Қазылар алқасы құрамында еліміздің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ фортепиано өнері саласындағы халықаралық байқаулардың лауреаттары болды.



Байқау қорытындысы бойынша жас ерекшелігіне сәйкес үш топ арасында  I, II және III орын иегерлері анықталды. Үздік музыканттарға ақшалай сертификаттар табысталды.





Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...