Қостанайда интернат тәрбиеленушісі әкімдікті сотқа беріп, кезекке қою мерзімін түзетуді талап...
Ақбаян Мұқанғалиева туралы тың дерек шықты
Фото: ЖИ: MadeniPortal.kz
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиева әпкесінен ауылға қашан баратындарын жиі сұрайды екен. Қазір ол туыстарының қамқорлығында күнделікті өмірге қайта бейімделіп жүр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ақбаянға жақындары ата-анасының қазасын әлі естіртпеген.
Отбасының туысы Әдемі Шылмағамбетованың айтуынша, дәрігерлер әзірге қайғылы хабарды жеткізбеуге кеңес берген. Ақбаян туысының үйінде тұрады. Жақындары оны апта сайын психолог пен неврологқа апарып, балаларымен кездестіріп тұрады. Сондай-ақ ол тігін тігіп, жазу-сызумен айналысып жүр.
Әпкесі әлеуметтік желіде Ақбаянның күнделікті өміріне арналған парақша ашқан. Онда оның сурет салып, серуендеп, жақынымен әңгімелескен сәттері жарияланады. Бейнежазбалардың бірінде Ақбаянның бұрын сот орындаушысының көмекшісі болып жұмыс істегені айтылған. Кадрларда оның ноутбук пен құжаттарға қарап отырғанын көруге болады.
Ақбаянның бес баласы бар. ҚазАқпараттың 3 қыркүйектегі хабарында оның психикалық денсаулық орталығынан шыққаннан кейін балаларымен кездескені жазылған. Сол кездегі мәлімет бойынша, төрт баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, кенже ұлы сәбилер үйінде болған. Орталық директоры Құндыз Ғиниятова Ақбаянның ата-ана құқығынан айырылмағанын түсіндірген.