Әзілкеш Мейрамбек Беспаев туралы ел білмейтін дүниені айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
822

Танымал әзілкеш, жайдарманшы Қанат Тасыған әнші Мейрамбек Беспаев туралы көпшілік біле бермейтін қырын айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кезекті сұхбаттарының бірінде ол Мейрамбек Беспаевтың жеке өміріне қатысты мәселелерде өте сақ адам екенін жеткізді.

Қанат Тасығанның айтуынша, әнші қонақта немесе түрлі отырыстарда өзінің рұқсатынсыз видеоға түсірілуіне қарсы болады.

«Мейрамбек ағамыз өте сақ адам. Ол кісіні көп жерге қонаққа шақырады. Бір адам телефон шығарып қалса, отырысты тоқтатып: "Әкел, не түсіріп отырсың?" деп телефонын алып қояды. Кейін оны дастархан иесіне беріп: "Қандай адамдарды жинағансың? Менің абыройымды төгу үшін шақырдың ба?" деп айтып жатады. Ол кісі бәрін байқап отырады. Биыл түрлі видеолар тарап кеткен жағдайлар көп болды ғой», – деді әзілкеш.

Қанат Тасығанның сөзінше, мұндай сақтық әншінің жеке өмірі мен беделін қорғауға деген ұстанымынан туындайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Көптеген өңірде бұлттылық құбы...