Нью-Йорктің қақ ортасында Қазақстанның көк байрағы желбіреді (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
94

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Қазақстанның Республика күніне орай ерекше салтанатты рәсім өтті. Әлемге әйгілі Уолл-стрит ауданында еліміздің көк байрағы көтерілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

22 қазанда ұйымдастырылған шара Нью-Йорктің қаржы орталығында, әйгілі Charging Bull («Шабуылдаушы бұқа») мүсінінің жанында өтті.

Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне арналды. Осылайша, еліміздің басты ұлттық мерекелерінің бірі АҚШ-тың ең танымал іскерлік орталықтарының бірінде атап өтілді.

Уолл-стрит – Нью-Йорктің ғана емес, әлемдік қаржы жүйесінің маңызды орталықтарының бірі. Ал осы маңдағы Charging Bull мүсіні экономикалық қуаттың, табандылық пен өркендеудің символы саналады.

Айта кетейік, Республика күні Қазақстанда жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Дәл осы күні, 1990 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған. Бұл құжат еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы маңызды тарихи қадам болды. Республика күні 2022 жылы қайтадан ұлттық мереке мәртебесін алған.

Нью-Йоркте Қазақстан туының көтерілуі ұлттық мерекені халықаралық деңгейде атап өтудің символдық көрінісіне айналды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы әуежайының бірінші қабатындағы ұшу залында төбеден жолаушылардың үстіне ақ сұйықтық тамшылай...

Шоу-бизнес

Танымал актер Рамазан Амантай ақшаны орынсыз жұмсайтынын да мойындап, тапқан табысын өзі ұстайтыныр...