Нұрай Серікбайдың қазасына күдіктінің туыстары да тергелмек

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
833

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу аясында құқық қорғау органдары жәбірленуші тараптың «бойжеткенді күдіктінің үйінде оның туыстары ұстап отырған» деген барлық уәждерін тексеріп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлағандай, қазіргі уақытта Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша белсенді тергеу амалдары жүргізілуде. 

"Жәбірленуші тарап қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғын тексеру туралы уәждер келтіріп отыр. Атап айтқанда, Нұрайды күдіктінің үйіне жеткізу кезінде жанында болған, қатысқан адамдардың да қатыстылығын анықтау қажет. Бұдан бөлек те бірқатар жайттар бар. Тергеу сатысында біз істің толықтығын қамтамасыз етіп, барлық уәждерді тексеруіміз керек, сонда ғана іс сотта жан-жақты қаралатын болады", – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ, Әділов тергеу аясында осы эпизодқа қатысы бар тұлғалардың барлығынан жауап алынып жатқанын атап өтті.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің 21 жастағы ұлы Абылайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы әуежайының бірінші қабатындағы ұшу залында төбеден жолаушылардың үстіне ақ сұйықтық тамшылай...