Кореяда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 179-ға жетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1850

Оңтүстік Кореяның ұлттық өрт сөндіру қызметінің алдын-ала мәліметтері бойынша, жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауынан 179 адам қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz Yonhapnews агенттігіне сілтеме жасап.

Экипаж мүшесі мен бір жолаушы аман қалды деп хабарланды. Қазір олар ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.

Естеріңізге сала кетейік, ұшақ апаты 29 желтоқсан жексенбіде жергілікті уақыт бойынша 9:07 шамасында орын алған, бұл Астана уақыты бойынша 5:07-ге сәйкес келеді. Қайғылы оқиға Jeju Air рейсі Сеулден шамамен 288 шақырым жерде, Оңтүстік Чолла провинциясындағы Муан халықаралық әуежайына қонған кезде болды.

Jeju Air авиакомпаниясының ұшағы Бангкоктан рейс жасаған. Қону кезінде ол ұшу-қону жолағының сыртында қалып, қоршауға соғылған. 

Алдын ала болжам бойынша, апаттың себебі ұшақ шассиінің дұрыс жұмыс істемеуі болды.

Бортта барлығы 181 жолаушы мен экипаж мүшелері болды.

ҚР СІМ жолаушылар арасында қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатыр.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...