Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында бағы жанып, б...
Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры
Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры
Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 1985 жылы 29 қарашада ашылды. 25 жыл ішінде 60-тан астам спектакльдер қойып, миллионнан астам көрерменге қызмет көрсетті.
Театр репертуарында қазақ халқының ертегісі «Ұр, тоқпақ!», «Уа,Алдар!», С.Қалиевтің «Қоянның қулығы», М.Бартенев «Здравствуйте!», А.Қадыров «Малшылар патшасы», Х.Гюнтер «Мүйізтұмсық пен Керік», В.Павловскис «Бақашық пен теңіз», А.Веселов «Күн іздеген аққалалар», Е.Чеповецкий «Внимание, Клоунада», М.Азов - В.Тихвинский «Кто заплетает гривы лошадям?», А.Болдинов «Не улетай...» және әлемдік классикалық әдебиет үлгілерінен ағылшын ертегісі желісімен И.Готкина «Приключения доктора Дулитла», әлемге әйгілі дат ертегішісі ХК.Андерсеннің ертегісі бойынша «Гадкий утенок», В.Гауф «Карлик Мук», жапон халық аңызы бойынша «Журавль в небе» т.б. қойылымдары екі тілде тұрақты жүреді.
Театрда 16 актер жұмыс жасайды, олар барлық спектакльдерде екі тілде (орысша, қазақша) ойнайды.
«Алақай» театрының бастамасымен І-ші рет 2004 жылы, ІІ-ші рет 2010 жылы Халықаралық «Ассалаумағалейкүм!» атты қуыршақ театрларының фестивальдері өткізілді.
2001 жылдан бері облыстық «Алақай» қуыршақ театры көптеген халықаралық фестивальдердің лауреаты, дипломанты атанды. 2007 жылы «Кәсіби мүмкіндігі жоғары театр» атағын иеленсе, 2008 жылыТМД елдерінің ең таңдаулы «XXI ғасыр театры» деп бағаланды.
Бүгінде «Алақай» театры – «Оренбургский Арбузник», «Большой Урал - Приволжье», «Рязанские смотрины», «Ортеке», «Чир Чайаан» Хакасия, «Рабочая лошадка» Татарстан, «Чаепитие в Мытищах», «Золотая маска» Россия, Болгария, Греция, Турция, «Чодари хаел» Тәжікістан, Сербия Субботица және «Ортеке» Алматы жерлерінде өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының бірінші Президенті қорының лауреаты, республикалық фестивалдардың лауреаты және бірнеше дүркін Халықаралық қуыршақтар театрлары фестивалінің дипломанты атанып отыр.
Облыстық "Алақай" қуыршақ театры Халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алды
Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 6-9 маусым аралығында Шымкент және Түркістан қалаларында өткен «Ортеке-V» Халықаралық қуыршақ театрлар фестиваліне қатысты. Халықаралық фестивальді «Түркістан - 2017 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасын және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе ұйымдастырды.
«Ортеке-V» Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінің мақсаты - кәсіби қуыршақ өнерін дәріптеу, халықаралық мәдени байланыстарды және облысымыздың өңірлік кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
«Ортеке-V» Халықаралық қуыршақ театрлар фестиваліне 8 театр қатысты. Шымкент және Түркістан қалаларының қонақтары мен тұрғындарына М.Жангазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театрының, А.Шеиг атындағы Әзірбайжан мемлекеттік қуыршақ театрының, Түркияның Адана және «Қарагөз» қалалық қуыршақ театрының, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының, Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының, Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық–драма театрының (қуыршақ труппасы) қойылымдары ұсынылды.
"Алақайдың" әртістері Н.В.Гогольдің «Шинель» повесінің желісімен қойылған «Шапан» экспериментальді спектаклін көрсетті. Көрермен қойылымды жылы қабылдады, ҚР еңбек сіңірген артисі Ешмұратова Құралай Халекетқызының басқаруымен фестивальге төрелік еткен қазылар алқасы қойылымды «Ең үздік спектакль» деп атады. «Алақай» қуыршақ театры фестивальде Бас жүлдеге ие болды.