Қарашаңырақ әкемтеатр 96-маусымының шымылдығын түреді

ТЕАТР
3041

2021 жылдың 13-қазанында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры өзінің 96-маусымын М.Әуезовтің «Абай» қойылымымен ашады. Қоюшы режиссері – Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаев.

Ұлы Абай... Оның шығармашылық тұлғасы өз алдына бір төбе де, ел ортасындағы, өз шәкірттері арасындағы жақсыны көре, тани білген, ғашықтықты бағалаған, әр шәкіртіне нағыз ұстаз болған адами тыныс-тіршілігі, сонымен қатар зұлымдықпен алысқан соқтықпалы, соқпақты өмірі бір төбе – ұлағат. 

Халықтың сүйікті ұлы Абайдың жеңісі – халық жеңісі! Абай рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды.

Жаңа маусымның ашылуы күні өтетін шаралар:

  • сағат 17.00-де Баспасөз мәслихаты;
  • сағат 18.00-де Театр тарихынан сыр шертетін «Сахна сәттері» көрмесі (2-қабатта);
  • сағат 18.30-да көрермендер назарына «Абай» спектаклі ұсынылады. 

madeniportal.kz

author

Мұхтар Әуезов

АУДАРМАШЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...