Бұл шағын ғана жазбам жасы баршын тартқан қарияның автобустың орындығында отырып қалғып кеткен жас ж...
Неміс автономиясы: 1979 жылғы Целиноград оқиғасында ашылмай жатқан шындықтар аз емес
1979 жылғы Целиноград оқиғасы туралы айтылғаннан айтылмаған нәрсе көп десек, шындықтан тым алшақ кетпейміз.
Өйткені сол кездегі қарсылық акциясы КОКП Орталық Комитетінің мүддесіне қайшы келіп қана қоймай, құдіретті органның қаулысының орындалмауы оның беделіне үлкен нұқсан келтіретіні түсінікті еді.
Бұл оқиға жайында Кеңес Одағы ыдыраған соң барып қана там-тұмдап мақалалар жариялана бастады. Бірақ олар жалпылама сипатта жазылып, көп жәйттің беті ашылмай, көңілдерде түрлі сауалдар туындатты. Осы арада "Егемен Қазақстанның" үстіміздегі жылдың 30 қаңтарындағы "етжеңді" нөмірінде жарық көрген отставкадағы полковник Амантай Кәкеннің "Неміс автономиясы. Ол қазақ даласында қалай құрыла жаздады?" деген тақырыппен берілген көлемді мақаласы жұртшылықты біраз жағдаяттардан хабардар еткенін атап көрсеткеніміз жөн.
Жақында "Егемен Қазақстанның" қонақжай шаңырағына 1979 жылғы Целиноградтағы маусым оқиғасына куәгер екі адамды - сол кездегі Целиноград педагогикалық институтының ректоры Балташ Сұңқарбековті, Целиноград облыстық Мемлекет қауіпсіздігі комитеті хатшылығының бастығы болған отставкадағы полковник Қамилаш Қапышевті және 1998 жылы аталған қарсылық акциясына байланысты орысша шыққан "Познание себя" кітабының авторлары Амантай Кәкен мен сол шақта Жезқазғанда МҚК-да қызмет істеген отставкадағы полковник Мұқаш Омаровты шақырып, "дөңгелек үстел" өткізген едік. Ондағы мақсат - осыдан 23 жылға жуық уақыт бұрынғы оқиғаның нақты көрінісін ашуға сәл де болса үлес қосу-тын, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. ҚазАқпарат осы басылымның тілшісі Самат Мұсаның дөңгелек үстел басында өрбіткен сұхбатының толық мәтінін ұсынады.
ТІЛШІ: Құрметті ағалар! Біздің бүгінгі басқосуымыздың басты тақырыбы белгілі. Сондықтан негізгі тілек 1979 жылғы Целиноградтағы маусым оқиғасына байланысты білетіндеріңізді мүмкіндігінше ашық айтып, оның құпия тұстарын ашуға тырыса отырсаңыздар.
Б.С.: Осы оқиғаға байланысты бұрыннан "ақтаңдаққа" айналған тарих бетін ашуға әрекет жасап жатқандарыңыз - құптарлық іс. Оны қолдаймыз, рахмет айтамыз. Сол кездегі оқиғаларды еске алған уақытта алдымызда көптеген сұрақтар туады. Біріншіден, сол оқиғаның отандық тарихымыздағы орны қандай, рөлі қандай? Екіншіден, оқиғаның сипаты қандай, ереуіл ме, көтеріліс пе, қозғалыс па? Бастаушы, яғни қозғаушы күш кім болды, қолдаушы күш кім болды? Кімдер қатысты? Үшіншіден, сол оқиғаның маңызын қалай бағалаған жөн?
Менің пікірімше, бұл оқиға халқымыздың тәуелсіздік үшін, бостандық үшін, еліміздің еркіндігі, егемендігі үшін күресінің жалғасы, бір кезеңі іспетті. Бұрынғы ата-бабаларымыздың күресімен сабақтас. Содан кейін ол Желтоқсан оқиғасымен үндес. Әлі есімізде, Желтоқсан оқиғасының салқын лебі саябыр тапқаннан кейін көптеген адамдар БАҚ-тарда сөз сөйлеп, 1979 жылғы Целиноград оқиғасы күшпен басып-жаншылғанда Алматыдағы бас көтеру болмас еді дегенді көлденең тартты. Бұл пікірге қосылмасқа болмайды.
ТІЛШІ: Оқиғаның сипатын қалай бағалаған болар едіңіз?
Б.С.: Көптеген ауызекі әңгімелерде, газет-журналдар мен радио-теледидарда оны әшейін "шеру" дейді. Егер дәл осылай атайтын болсақ, бұл оқиғаның мән-мағынасын төмендеткеніміз. Шын мәнінде бұл ауқымы кең оқиға болды. Осыдан шамалы уақыт бұрын газеттеріңізде марқұм Хамит Ерғалиевтің естелік мақаласын жарияладыңыздар. Ол кісі ғажап бір пікір білдіріпті, "Ақмола көтерілісі",- деген ой айтыпты ақын. Иә, мен басы-қасында жүрдім ғой. Ойлаушы едім, мұны қозғалысқа жатқызамыз ба, әлде көтеріліс деңгейіне көтереміз бе деп. Мен Хамаңның пікіріне толық қосыламын. Бұл - көтеріліс. Хамит ағамыз "Ақмола көтерілісі" деп анық, нақ әрі атымен айтқан.
Жазушылар одағының Астанадағы филиалында өткен басқосуда Қалекең - Қамилаш Қапышев мен естімеген, білмеген бір жайдың бетін ашты. Сөйтсек, жоғары жақтан күш қолдануға дайын болыңдар деп тиісті орындарға тапсырма берілген көрінеді. Сол уақытта халық Саяси бюроның қаулысына қарсы шықты. Республиканың тұтастығын сақтап қалу жолында бастарын бәйгеге тікті, ұстараның жүзінде жүрді.
Жақсы, бұл мәселе оң шешілді. Егер Саяси бюроның қаулысы орындалған жағдайда нағыз қақтығыс, нағыз қантөгіс сонда болатын еді. Осы себепті де Ақмола оқиғасын көтеріліс деп сипаттаған өте дұрыс.
ТІЛШІ: Онда осы арада Қамилаш ағамызға сөз беріп, сол кісіні тыңдап көрсек.
Қ.Қ.: Мен 38 жылдан астам уақыт Мемлекет қауіпсіздігі орындарында қызмет істедім. Қызмет бабыма байланысты неміс халқының автономиясын қайтарып алудағы әрекеттері Мәскеу тарапынан шешімін таппай жүргенінен хабардар болатынмын. 1979 жылы автономия мәселесіне назар көбірек аударылып, немістердің басым көпшілігі Қазақстанда тұрады деп ұйғарылып, оны қазақ жерінен беру керек деген лақап тез тарап кетті. Айтушылар неміс автономиясы 20-шы облыс болады да Қазақстан Компартиясының басқарушы органы Саяси бюро деңгейіне көтеріліп, көптеген мәселелерді өзі шешуге ерік алады деп, бұл шешімнің саяси маңыздылығына мән беріп жүрді.
1979 жылы маусым айының басында Ерейментау қаласына Алматыдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы А.Коркин бастаған делегация келіп, жаңа облыстың бірінші хатшылығына ұлты неміс сол уақыттағы Целиноград облысы, Краснознамен ауданы аупарткомының бірінші хатшысы А.Браун ұйғарылып, облыстың басқару мекемелерінің орналасатын орындары дайындалып, 18 маусым күні Ерейментауда ұйымдастыру пленумын Д.Қонаевтың өзі өткізеді дегенді естідік.
Маусымның 16-сы күні таңертең Целиноград қаласының Ленин атындағы орталық алаңына күтпеген жерден халық жиналды. Плакаттар, транспаранттар көтеріп шыққан олар автономияға қарсылық акциясын ұйымдастырды. Алаңдағылар негізінен жастар болды. Шындығын айтсақ, бұл қозғалыс жергілікті әкімшілік орындарының үрейлерін ұшырып, оларды наразылық акциясы туралы Алматы мен Мәскеудің басшы партия және кеңес органдарына хабарлауға мәжбүр етті. Сол-ақ екен Целиноградқа жауапты қызметкерлер сау ете қалды.
Алматылықтарды 16 маусымда Қазақ КСР Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің төрағасы, генерал-лейтенант Шевченко мен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары генерал-майор Тұмарбеков бастап келді. Ал мәскеуліктерді 18 маусымда одақтық Мемлекет қауіпсіздігі комитеті төрағасының бірінші орынбасары генерал-полковник Бабков бастап жетті.
Келушілер автономияның құрылатынына еш күмән келтірген жоқ. Олардың мақсаты көшеге ешкімді шығармау, шыға қалса орталық алаңға жолатпау, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа жол бермеу болды. Жергілікті ұлттың өкілдерін көшеге шығармау керек деген жоғарыдан келгендердің бұйрықтарын бұлжытпай орындауға чекистермен қатар, партия және кеңес орындарының басшы-қосшы қызметкерлері де әдеттегісінше жабыла, жұмыла кірісіп кетті. Жоғары және орта оқу орындарында, жұмысшы жастар арасында, жатақханаларда жаппай үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 19 маусымда орталық алаңға тірі жан шығармау қалалық әкімшіліктер мен белсенділер алдына аса жауапты міндет ретінде жүктелді де алаңға тақау көшелер адам өтпестей етіп автобус және жүк мәшинелерімен бекітілді. Бірақ бұл бағытта жүргізілген сақтық шаралары іске асқан жоқ. 19 маусым күні ертеңгі сағат 10-да 5-6 мың адам сиятын орталық алаң халыққа лық толды.
ТІЛШІ: Қамилаш аға, ендігі әңгіме желісін күш қолдануға бұйрық берілу мәселесіне қарай бұрсаңыз.
Қ.Қ: Маусымның 17-сі күні Шевченко МҚК мен ІІМ-нің Целиноградқа шақырылған бір топ басшы қызметкерін жинап, ереуілшілердің 19 маусымда алаңға қайта шығатынын хабарлады. Жағдайды өте қауіпті деп санап, жауапты міндеттер жүктеді. Оның ең бастысы - жергілікті әскери бөлімдер мен МҚК және ІІМ қызметкерлері жаппай қаруланып, керек бола қалса күш қолдануға да дайын болулары керек екендіктері ескертілді. Ол өте сұстанып, былай деді: "Жоғарғы жақ бізге сенеді, қолдайды, бұзақылықты тек қарулы күшпен ғана ауыздықтауға болады деп есептейді. Қорықпаңдар". Оның сол айтқандары күні бүгінге дейін құлағымда тұр.
ТІЛШІ: Бұл аралықта Мәскеу өкілі нендей мәселелермен шұғылданды, не тындырды?
Қ.Қ: Ф.Д.Бабков жергілікті МҚК басқармасының жауапты қызметкерлерін жинап алып, неміс автономиясын құрудағы КОКП Орталық Комитетінің шешіміне түсінік берді. Ол Еділ жағалауының асқан құнарлылығын, сол себепті халық өте тығыз қоныстанғанын, ал немістердің ондағы бұрынғы мекен-жайларында жаңа адамдардың орналасқанын айта келіп, бұл мәселенің КОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросында егжей-тегжейлі талқыланғанын мәлімдеді. "Заң жүзімен қарағанда,- деді ол,- мәселе 2 миллион неміске автономиясын қайтарып беріп, әділеттілікті орнына келтіруде болып тұр. Ал автономия нақты қай жерден берілетіні үкімет пен партияның құзырындағы іс. Оған ешқандай ереуіл кері әсер ете алмайды. Заңды партияның ұйғаруымен жоғарғы үкімет орындары қабылдайтынын түсінетін уақыт жетті. Осы сөзді ана өз бетінше лағып, елірген тобырға жеткізіп, енді жиналмайтындай етіп таратып жіберу керек".
Осылай дей келе ол жергілікті чекистердің әлі ұйқыдан оянбағанына, міндеттерін атқаруға кіріспегеніне өкініш білдірді. Жиналғандарды зілді көзімен бір тесіп өтіп, сөзін одан әрі жалғады: "Көшеге кімдер шықты? Ұлтшылдар шықты. Кімдер шықты? Интеллигентсымақтар шықты. Кімдер шықты? Жастар шықты. Мәселе кімдер туралы? Немістер туралы. Осылардың барлығы біздің бақылауымыздағы контингенттер. Бұлардың арасындағы жағдайды күнбе-күн біліп, тиісті шара қолданып отыру - чекистердің тікелей міндеті. Міндет орындалмады деген осы. - Бабков Целиноград облыстық МҚК бастығы полковник Ж.Сейітқазиевке тесіле бір қарап қойды. - Қысқасы, мына ел жоқ құлазыған қу мекен, суыр жайлаған жапан даланы немістердің күшімен, олардың іскерлігін, кәсібилігін пайдаланып, отанымыздың астық қоймасына айналдыру қажет екенін түсіндіріп, Саяси бюроның шешімін орындауда чекистер аппараты бұрынғысынша алғы шепте болуы бүгінгі таңда өте-мөте керек. Автономия берілмеген жағдайда немістердің басым көпшілігінің Германияға қоныс аудару қаупі бар, онымен санаспай болмайды".
Келесі кезекте ол жастарды партия саясатына қарсы қойған іріткі салушыларды тауып, ұлтшылдардың қастандық әрекетіне іс қозғап, басшыларын жауапқа тарту үшін күн-түн демей еңбек сіңіру керек екенін көлденең тартты. Көшеге, ереуілге шығуды жастардың есіне салушы үлкендер, олар жоғары қызмет орындарынан түрлі себептермен түсіп қалған немесе ірі қызметтен үміттерін іске асыра алмай жүрген жергілікті ұлттың аға буын өкілдері, арандатушыларды солардың арасынан іздестірген жөн,- деді ол.
Әрине, неміс автономиясының Қазақстанда құрылуын құптамаушылар жергілікті орыс-қазақ, басқа да ұлттар чекистерінің арасында сезіліп тұрды. Бірақ өз пікірін шешіліп айтар адам табылған жоқ. Бұл күн көріп, жан сақтау адамға ақиқаттан гөрі басымырақ әсер етуінің салдары болса керек. Олардың арасында менің де болғанымды айтпау шындыққа жасалған қиянат дер едім.
Өкініштісі сол - ереуілге шығушылар өзіміздей кеңес азаматтары ғой, олардың арасында біздің де туған-туысқандарымыз бар, қалай қолымыз көтеріліп, қару жұмсай аламыз,- деп айтар адам да арамыздан шықпады. Ал Мәскеудегілер болса, Қазақстан жері жалпыға ортақ, ешкімнің меншігіне бөлініп берілмеген, деген түсінікке иландыруға тырысып, осы пікірлерін қолдаушыларды іздестіріп, осыны өздерінің басты мақсаты санап келгендерін жасырмады. Осындай сөз аузынан шыққандар, әсіресе жергілікті ұлттан болса, аты-жөнін жазып алып, міне, дұрыс түсінушілік, ұлтаралық достықтың негізі осында, деп өзара құптап, қолпаштап, қуанысып жатты.
ТІЛШІ: Енді осы қарсылық акциясын қолдаушы күш туралы қайсыңыз бастап айтасыздар.
Б.С.: Бастаған - қазақтар, оның ішінде жастар. Бірінші күні, яғни 16 маусымда алаңға шыққан да негізінен солар болды. Ал 19-ы күні бүкіл халық болып бас көтерді. Алаңға апаратын көшелерге дейін жұртқа лық толды. Қазақтар бастады, орыстар, татарлар, еврейлер, тіпті немістердің өздері де қарсылық білдірді.
Осы жерде айта кететін бір жәйт - бірге жүрген немістерге: "Оу, бұларың не, жоқ жерден ши шығарып?",- деп кейістік білдіргенімізде олар: "Бұл - арандатушылық. Біз бұл арадан автономия сұрағанымыз жоқ",- деп жауап қайтарды.
ТІЛШІ: Сіз оқиғаның лауазымды басшылар сияқты нақты ішіне араласпағаныңызбен, басы-қасында жүрдіңіз. Сондықтан оқиғаның қалай өрбігені жөнінде айта кетсеңіз.
Б.С.: Желтоқсан оқиғасын ұйымдастыруға уақыт таршылық етсе, Ақмола оқиғасына алдын ала әзірлік жасалды. ОК-нің екінші хатшысы А.Коркин бастаған комиссия келетін кезге дейін көп нәрсе ескеріліп үлгерілді. Мәселен, кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында, орталық базарда, тіпті үйлерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Күні бұрын парақшалар, прокломациялар дайындалды. Үлгергендерінше мәшеңкеге бастырды, қалғандары қолмен таратылды. Алаңға шығуға шақырған ондай парақшалар жапсырылмаған жер жоқ. Қаланың шет жағындағы жер үйлерге дейін апарып, пошта жәшігіне салып кетті. Барлық жерлерде үгітшілер жұмыс жүргізді.
Транспаранттарға басы артық, саясатқа қайшы келетін бірде-бір сөз жазылған жоқ. Бұл - маусымның 16-сы күні болған жәйт. Онда жарытымды жауап ала алмаған жастар тағы бір мәрте бас көтеруге уағдаласты...
19 маусым күні көпшілік алаңға тағы жиналды. Соның қарсаңында Стратегиялық қару түрлеріне тыйым салу жөнінде АҚШ пен КСРО арасындағы шартқа қол қойылған-тын. Обкомдағылар жұрттың назарын осы мәселеге аудармақшы болды. Осы мақсатта алаңға облыс басшылары өз активтерін шақырды. Ақмола облысының аумағынан неміс автономиясы ашылуына наразылық білдірушілер лек-легімен, топ-тобымен келген кезде халық алаңға сыймай кетті. Сондықтан мұны бүкілхалықтық қозғалыс болды деуіміз керек.
Обкомның бірінші хатшысы Морозов сөз сөйлеп: "О, студенческая молодежь собралась", деп сырғақсытпақшы еді, алаңдағылардың бірі: "Біз соғысқа қатысушылармыз" десе, екіншілері: "Біз жұмысшылармыз", үшіншілері: "Біз еңбек ардагерлеріміз", төртіншілері: "Біз әйелдерміз", деп жан-жақтан алаңға тек студенттер ғана жиналмағанын сездірді. Сол кезде барып Морозов: "Да, да, так точно", деуге мәжбүр болды. Қысқасы, орталықтың ұр да жық саясатына тек жастар ғана емес, жалпы халық қарсы шықты. Олар ешқандай артық сөзге, біреуге тіл тигізуге, саясатты қаралауға барған жоқ.
Қ.Қ.: Студенттердің, басқа да қауымның мәселеге мән беріп, алаңға шығуының себебін енді мен толықтырайын.
Ерейментауда болған автономияға дайындықты Целиноград облыстық партия комитетінің лекторы Шапров өзінің ауыл шаруашылығы институты студенттерінің алдындағы кезекті лекциясында қуана хабарлап, болашақ өзгерістің құптарлық жаңалық екенін көтермелеп, лепіре сөйлейді. Бұл - маусымның 13-14-і күндерінде болған жәйт.
Институт жатақханасындағы қазақ студенттері өзара әңгімеде Қазақстан жерінде неміс автономиясының құрылуын заңсыз шешім деп тауып, қайткен күнде де болдырмауға әрекет жасауға келіседі. Сөйтіп, 13-15 маусым күндері Целиноград қаласындағы өзге де жоғары оқу орындарының студенттерімен хабарласып, 16 маусым күні ұрандар мен транспаранттар ұстап, орталық Ленин алаңына шығып, неміс автономиясының Қазақстанда құрылуына қарсылығын қазақ халқы атынан партия және кеңес органдарының басшылығына жазбаша түрде ұсынады. Ал 16 маусымда талаптарына қанағаттанарлық жауап берілмеуі себепті 19 маусым күні ұйымдасқан түрде алаңға алдарына соғысқа қатысқан аға-әкелерін салып қайта шығады.
ТІЛШІ: Жұртшылықтың қарсылық шараларына алдын ала дайындалғаны туралы айттыңыздар. Демек, оның нақты ұйымдастырушылары болуы тиіс қой. Олар кімдер?
Қ.Қ.: Қозғалысқа аға буыннан басқарушылар болған емес. Қоғамдық тәртіптің студенттер және басқа да қатысушылар тарапынан бұзылмағандығы жұртшылыққа кеңінен мәлім.
Б.С.: Кейіннен Ниязбеков келіпті, Тәшенов келіпті, деген сөз шыққаны рас. Шынтуайтында - бәрі жалған. Марқұм Жақия Сейітқазиев ағамыздан кезінде мен: "Уақыт өтіп кетті ғой, айтыңызшы, ұйымдастырушысы кім?",- деп сұрағанмын. Ол кісі Павлодар облысындағы бір совхоздың партком хатшысы дегенді мәлімдеді. Менің түсінуімше, жалпы ұйым болған.
Қ.Қ.: 1979 жылғы Целиноградтағы маусым қозғалысына байланысты іс-шаралардың ақиқатына жүгінер болсақ, Ж.Сейітқазиев сияқты кейбір басшылар халық арасында қақтығыс болдырмау жолында елеулі еңбек сіңірді. Өздері де, қызметкерлері де күндіз-түні ұйқы-күлкісіз аяқтарынан тік тұрды. Мәскеудің Қазақстанда неміс автономиясын құру әрекеті іске аса қалған жағдайда бұның қазақ халқына кезекті қайғы-қасірет әкелетінін жүректерімен сезінді.
ТІЛШІ: Осы жерде мынадай бір сұрақ туындайды: қауіпсіздік органдарындағылар тарапынан белсенділерді суретке түсіріп алып, соңынан қуғындамаса да анықтау жұмыстары мүлдем жүргізілмегені ме? Орталықтағылар мұны қалай қалт жіберді екен?
Б.С.: МҚК-нің адамдары жүргенін, суретке түсіргенін мына Қамилаш та қуаттап береді. Бірақ біз білетіндерінен ешкімді көре алмадық. Бәрі бөгделер болды. Менің кабинетімде 7-8 кісі отырды. Олар сурет арқылы тауып әкелінген жастарды кезек-кезегімен сұрақтың астына алды. Сауалдары: "Әкең айтты ма?", "Ағаң үгіттеді ме?", "Шешең бар деді ме?", "Оқытушыларың жұмсады ма?.." деген төңіректен туындады. Ойлары - жастар арқылы үлкендерге шығу болғаны айтпаса да түсінікті еді.
ТІЛШІ: Жалпы, біреудің жазаланғаны немесе қудаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ секілді. Сондықтан 19 маусымдағы қарсылық акциясына қайтып оралсақ.
Б.С.: Митинг өтіп жатты. Обкомның барлық бюро мүшелері сапта. Морозов жоғарыда айтылған шарттың маңызы туралы көсіліп сөйлей бастады. Көп ұзамай алаңнан үш адам бөлініп шығып, Морозовтың сөзін бөле-жара: "Қазақ жерінде неміс автономиясы болмасын!"- деген талаптарын қайталады. Бірақ дәл сол арада автономия болмайтыны туралы нақты әңгіме айтылған жоқ. Ол хақында сол күні кешкісін естідік. Халықтың талабы қатты екені, істің ақыры насырға шабуы мүмкін екені жөнінде жоғары жаққа жеткізілген болуы керек. Бұл жерде Димаш Ахметұлының еңбегі ерекше болғаны сөзсіз. Ол кісінің беделінің арқасында үлкен бір қасіреттен аман қалдық қой деп ойлаймын.
Тағы бір айта кететін мәселе - кейіннен біздің басымызға да бұлт үйірілуі мүмкін еді. Алайда, Қонаевтан ешкімді жазаламаңдар, ешкімді қудаламаңдар деген тапсырма-бұйрық түскеннен кейін барып біз аман құтылдық. Себебі, обком мен қалалық комитеттегілер өз бастарын арашалап қалу үшін басқаларды тұзаққа түсіре бастайтыны басы ашық мәселе еді.
ТІЛШІ: Бұл оқиғаның маңызы туралы не айтар едіңіздер?
Б.С.: Біз республиканың тұтастығын сақтап қалдық. Бұл - бір. Екіншіден, Ақмола көтерілісі жастардың ұлттық сана-сезімін, рухын оятты. Жастар аз-ақ уақыттың ішінде есейді. Кешегі қой аузынан шөп алмайтын жігіт-қыздар танымастай өзгерді. Ар-намыс, Отан деген ұғымдардың нақты мағынасын түсінді. Өз елінің бостандығы, еркіндігі, тұтастығы үшін күресу керек екенін ұқты. Осылардың бәрін санамалап келгенде оқиғаның жастардың патриотизмін көтерудегі ықпалы аса зор болды.
ТІЛШІ: Целиноград оқиғасы туралы республиканың басқа аймақтарындағы жұртшылық неге бейхабар қалды деп ойлайсыздар?
М.О.: Меніңше, Мәскеудің Целиноград оқиғасын жабулы қазан жабулы күйінде қалдыруға тырысқаны - жаңа ғана Балташ айтқан жұртшылықтың ұлттық, отаншылдық сезімін оятудан қорықты. Қазақ жастары арқылы бүкіл басқа одақтас республикаларда ұлттық, отаншылдық сезімі күшейеді деп сезіктенді. Ал орталық жүргізіп отырған саясатқа мұның кесірі тиетіні әбден мүмкін еді.
А.К.: Басқа республикаларды айтасыз, Целиноградтағы оқиғаны тіпті Қазақстанның өз ішінде де көп ешкім біле қоймағаны белгілі жәйт қой. Сондықтан Целиноградтағы маусым бас көтерулерін "ақтаңдақ" дегеніміз жөн. Және ол біздің тарихымыз. Саяси бюроның қаулысына қарсы шығып, оны жүзеге асырмай тастау - айтуға ғана оңай.
ТІЛШІ: Ол кезде қаладағы халықтың саны, оның ішінде қазақтар пайызға шаққанда қанша еді?
Қ.Қ.: Шамамен 200 мыңдай болса, соның 18-20 пайызы ғана қазақ-тын.
ТІЛШІ: Бұған дейінгі жазылған, толтырылған құжаттар туралы не айтуға болады?
Б.С.: Меніңше олар оқу орындары, кәсіпорын басшыларын интернационалдық тәрбие жұмыстарын, үгіт-насихат шараларын дұрыс жүргізіп, ұйымдастырмады деген кінәлау тұрғысында бір жақты жазылған болуы керек. Өз басым мұрағаттарға барып, оларды көрген емеспін. Бірақ осылай екеніне сенімім кәміл. Целиноград оқиғасын тереңдетіп жазып, шын тарихын көрсету үшін оған қатысқан өзге де адамдарды, нақты куәгерлерді табу керек. Лауазым иелері болса тіпті жақсы. Ондайлардың қазір қалада жүргендері жоқ емес, іздесе шығады. Әрине, мен қатысқанмын, ұйымдастырғанмын дейтіндер де табылады. Сондайлардан сақ болу керек. Олар бірінші кезекте өздерін көрсетуге тырысады.
А.К.: Ондайлар бар.
Б.С.: Міне, мен сол үшін ескертіп отырмын.
Қ.Қ.: Жалпы, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген кезде болған жәйтті нақты айтпай тағы да кімнен қорқып-бұғып, жалтақтайтынымызды түсінбеймін.
Әңгімеден байқалғанындай, "дөңгелек үстел" басындағы негізгі "салмақ" екі адам, оқиға куәгерлері - Б.Сұңқарбеков пен Қ.Қапышевке түсті. Ал А.Кәкен мен М.Омаров өз білетіндерін (кітаптарында және осының алдында "Егемен Қазақстанда" шыққан мақалада) толықтай көпшілік назарына ұсынғандықтан, алғашқылардың сөздеріне араласпауға тырысты. Бұл бұрынғыны қайталағаннан гөрі өзін ақтаған үрдіс болды деуіміз керек.

Егемен Қазақстан