Алматы көшелерінің бірін Мұхтар Шахановтың атына ауыстыру ұсынылды

Фото: Егемен Қазақстан

MADENI TV
108

Алматы қаласында ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов есімін қала көшелерінің біріне беру туралы ұсыныстар қаралуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және Алматы қаласы әкімдігіне жолданған хаттарда жекелеген азаматтар тарапынан Мұхтар Шахановтың есімін ұлықтау жөнінде көптеген ұсыныстар мен өтініштер түскен.

Ақынның ұлттық мәдениет пен әдебиетке сіңірген еңбегін лайықты бағалау, өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету және рухына құрмет көрсету баршаға ортақ міндет, - деді Бақыт Қалымбет.

Сонымен қатар, ол Мұхтар Шахановтың есімін қала көшелерінің біріне, атап өтер болсақ Розыбакиев көшесінеберу мәселесі қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдар мен комиссиялардың қарауына енгізілетінін жеткізді.

Шенеуніктің сөзінше, көшеге атау беру немесе қайта атау туралы ұсыныстар алдымен халық пікірін ескеру үшін Алматы қаласы мәслихатының Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі тұрақты комиссиясында қаралады. Комиссия хаттамасы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Бұдан кейін мәселе бойынша Алматы қаласы ономастика комиссиясы қорытынды береді.

Одан соң Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі негізінде ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Құрамына көрнекті ғалымдар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері кіретін комиссия оң қорытынды берген жағдайда ғана соңғы шешім қабылданады.

Бақыт Қалымбет қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым мен мәдениет өкілдерінің есімдері қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң ғана берілетінінеске салды. 

ӘДЕБИЕТ

  – Ұларбек Дәлейұлы, тарихи жанрда қалам тербеуге не түрткі болды?– Менің туып-өс...

АЙМАҚТАР

Қазақстанда 25–27 сәуір күндері ауа райы күрт құбылып, бірқатар өңірде жаңбыр, қар аралас жауы...