Экс-депутат 51 жасында тұрмысқа шықты

Фото: видеодан скриншот

MADENI TV
1064

Экс-депутат Бақыт Сыздықова 51 жасында тұрмысқа шыққанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жақсы жаңалығымен ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Жазбасында жаңа жасқа толмас бұрын құпиясын бөлісуді жөн көргенін жазған. 

”Бұл жолы айтпай келген едім, бірақ бүгін айтамын. Мен 51 жасында тұрмысқа шықтым, қазір той саяхатындамын. Ертең 52 жасқа толамын, кішігірім құпияммен бөлісейін деген шешімге келдім. Иә, 51 жаста да тұрмысқа шығуға болады”, — деді экс-депутат.

Сондай-ақ, ол махаббатты кездестіру ешқашан кеш емес екенін, өзінің бақытты екенін, жәй ғана өмірді сезініп жүргенін айтты.

”Мүмкін дәл қазір біреуге осыны есту маңызды шығар.

Махаббатта жасқа деген шектеу болмайды.

Бақыттың «кесте бойынша» келмейтінін.

Кейде ең шынайы нәрселер сен көп нәрсені түсініп, өмірден өткізіп, жіберіп… өзіңді тапқан кезде келеді.

Мүмкін, сондықтан да ол мүлде басқаша сезіледі.

Тереңірек. Сабырлырақ. Саналырақ.

Мен бәрінің қалай дұрыс екенін білмеймін. Мен жай ғана өмір сүріп, сезініп жүрмін.

Бірақ егер менің оқиғам біреу үшін ешқашан кеш емес екенін білдіретін белгі болса, онда мен мұны бекер айтпағаным”, — деді Бақыт Сыздықова. 

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 қазан күні Әміре Қашаубаев атындағыдәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауына қатысушыла...