“Қазақ мені жетімсіретпеді”: қарияның сөзі елді жылатты (видео)

Фото: MadeniPortal.kz

MADENI TV
1533

Жетісу облысы Ақсу ауданындағы Молықбай Байсақұлы атындағы Мәдениет үйі әлеуметтік желіде жариялаған шешен қарияның әсерлі үндеуі көпшілікті толқытты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бейнежазбада ақсақал сталиндік қуғын-сүргін жылдары шешендерді Қазақстанға жер аудару кезеңін көзімен көргенін айтады. Оның сөзінше, қазақ халқы аш-жалаңаш күйде келген шешендерді бөтенсінбей, бауырына басып, өз балаларын есік жаққа жатқызып, оларды төрге шығарған.

«Мен бәрін көзіммен көрдім, қолыммен ұстадым. Сол жылы әке-шешем қайтыс болып, жетім қалдым. Бірақ ешқайда кеткен жоқпын — қазақ халқы қамқор болды. Қазаққа айтар алғысым шексіз. Қанша рақмет айтсам да жеткізе алмаймын. Жүрегімде, миымда, көңілімде сақталған шындықты айтып тұрмын», – деді қария. 

Бейне соңында ақсақал қазақ халқына ақ батасын беріп аяқтады.

Желі қолданушылары қарияның шынайы эмоциясына толы сөздерін жүрек тебірентерлік деп атап, бейнежазба қысқа уақытта кең таралды. 

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 қазан күні Әміре Қашаубаев атындағыдәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауына қатысушыла...