Алматыда бойлы қуыршақтардың шеруі өтті!

ТЕАТР
3492

Алматы қаласы күніне орай Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына бірнеше күн қатарынан мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ашық аспан астында түрлі қойылымдар сахналап, қуыршақ жүргізуден шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Ең ауқымдысы Мемлекеттік қуыршақ театры артистерінің қатысуымен Абай атындағы Опера және Балет театрынан бастау алып, Арбат алаңында дейін жалғасқан «Қуыршақтар карнавалы» бойлы қуыршақтар шеруі болды. 

Ұлттық нақыштағы батырлар, заманауи анимациялық фильм, әлемдік ертегілер, аңыз, заманауи комикс, әлеуметтік желідегі танымал кейіпкерлер Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарына мәдени демалыс, мерекелік шеру ұсынды. 

Шеру аясында 100-ге жуық бойлы қуыршақ кейіпкерлері бүлдіршіндерге ойын-сауықтық бағдарламалар мен қатар флешмоб биін сыйға тартты.

Шеру мақсаты:

  • Алматы қаласы күнінің маңыздылығы мен ерекшелігін қала тұрғындарына насихаттау;
  • Қуыршақ театры өнерін, сонымен қатар түрлі бойлы қуыршақтардың ерекшеліктерімен таныстыру;
  • Бүлдіршіндердің қуыршақ театрына деген қызығушылықтарын арттыру;
  • Қуыршақ театры өнерін дәріптеу.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында әлеуметтік спорттық AULAFIT жобасына қат...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты істі қарап жатқан с...