Балаларға энергетикалық сусын сатқандарға 283 мың теңгеге дейін айыппұл салынбақ

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
14

Қырғызстанда 18 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салу ұсынылды. Тиісті заң жобасында бұл талапты бұзғандарға қомақты айыппұл салу қарастырылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құжатқа сәйкес, шектеу дүкендер мен супермаркеттерге ғана емес, кафе, бар, фудкорттарға да қатысты болмақ. Сондай-ақ энергетикалық сусындарды интернет арқылы сатуға, тамақ жеткізу және курьерлік қызметтер арқылы тапсырыс беруге тыйым салу көзделіп отыр.

Ал сауда автоматтары арқылы энергетикалық сусын сатуға толық тыйым салынбақ. Себебі мұндай құрылғылар сатып алушының жасын тексере алмайды. Заң жобасында сатушылар мен курьерлерге де талап қойылған. Егер сатып алушының кәмелетке толғанына күмәнданса, жеке басын куәландыратын құжатын сұрауы тиіс.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 13 жастағы оқушы қызды өлтіруге оқталған жасөспірім 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оқ...

Шоу-бизнес

Актер Олжас Абай журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынас...