Кеңес Дүйсекеев
КОМПОЗИТОРКеңес Дүйсекеев Дүйсекеұлы (1946) — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994). Алматы консерваториясын бітірген (1974). 1974 — 1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976 — 1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975 — 1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984 — 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол — “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының(1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, А.Мейірбеков, Н.Өнербаев, М.Дәулетбақова, т.б. әншілер орындап жүр.
Жасыру
Аида Балаева Кеңес Дүйсекеевтің отбасына көңіл айтты
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгін өмірден өткен көрнекті...