Ақселеу Сейдімбек
ҒАЛЫМ1959 жылы орта мектепті бітірген соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау кеңшарында мал шаруашылығында еңбек етті. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1968–1975 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975–1976 жж. «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976–1983 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, 1983–1987 жж. «Зерде» журналының бас редакторы.
1987–1997 жж. Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1997–1998 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998–1999 жж. ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Филология ғылымының докторы, профессор.
Отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Гомердің «Илиада», «Одиссея» дастандарын қара сөзбен аударған. И.Можейконың «7 және 37 керемет» (1998) кітабын тәржімалаған. Шығармалары оннан астам шетел тілдеріне аударылған.
Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Терминология және ономастика комиссиясының, Қазақтың Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесі президиумының, Ғылыми қызметкерлерді аттестациялау департаментінде зерттеу комиссиясының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қоғамдық кеңесінің, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты он томдықтың авторларының бірі.
Қарағанды облысындағы Жаңаарқа, Шет аудандарының Құрметті азаматы. «Ақселеу Сейдімбек» атты библиографиялық көрсеткіш жарық көрген (Астана, «Күлтегін» баспасы, 2002).
Шығармалары: Ақиық. (1972); Қыр хикаялары. (1977); Тауға біткен жалбыз (1979); Кеніш (1979); Алпамыс батыр (1979,1998); Серпер (1982); Аққыз (1991); Күңгір-күңгір күмбездер (1981); Поющие купола (1985); Қазақтың әйгілі күйшілері (1992); Балталы-бағаналы ел аман бол (1993); Ойтолғақ (1997); Мың бір маржан (1989); Сонар (1989); Күй шежіре. Бірінші кітап (1992); Күй шежіре. Екінші кітап (1997); Көшпелілер тарихы (1995); Қазақ әлемі (1997); Мир казахов (2001); Елтұтқа (2001); Қазақтың күй өнері (2002); Қазақтың ауызша тарихы. (2008).
Боямасыз баяндар (бірінші, екінші дәптері)Сексенінші жылдардың соңында Алматыға жұмыс сапарымен келг...
Белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің ҚР мемлекеттік сыйлығы туралы "Мәртебелі сыйлық һәм киіз ұ...
Кино үйінен «Құлагер» фильмін көріп қайттым. І.Жансүгіровтің әйгілі «Құлагер»...
Қали СӘРСЕНБАЙКүнделік те, хат та бір жанр. Бір нәрсе анық. Кісі баласы басқасын білмеймін, бұл бағы...
Саналы ғұмырын қазақ сахарасын зерттеуге арнап, ұлтының жоғын түгендеген Ақселеу Сейдімбек енді бізд...
Ақселеу Сейдімбек:– Қасиетті Жетісу топырағы небір дүлдүл ақын, бұлбұл әнші, жезтаңдай жыраула...
Иә, біз модернистік қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Иә, біз жаңа заманның ұрпағымыз. қала берді, ұғымда...
Көрнектi қайраткер, ұлтын сүйіп өткен тұлға Ақселеу Сейдiмбек ағамызбен көзі тірісінде (2009 жылы) б...
Жауапты редакторы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Сейіт ҚасқабасовЕл аузынан жина...