Мырзатай Жолдасбеков
ҒАЛЫММырзатай Жолдасбеков (27.5.1937 жылы туылған, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақтөбе ауылы) – мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы (1993), профессор (1993).
1954 – 55 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған. ҚазМУ-ді бітірген (1960). 1960 – 64 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент, 1964 – 67 жылдары аспирант. 1970 – 74 жылдары аға оқытушы, доцент, 1974 – 77 жылдары филология факультетінің деканы болды. 1977 – 87 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры, 1987 – 88 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары, 1988 – 90 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, 1991 – 93 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, 1993 – 97 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, 1997 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры. Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады. “Халықтар достығы”, “Құрмет” ордендерімен марапатталған.
Шығ.: V – XIV ғасырлардағы көне әдебиет нұсқалары. Ертедегі әдебиет нұсқалары, А., 1967; Асыл арналар, А., 1986, 1990; Күлтегін, А., 1986; Тоқсан толғау (Н. Төреқұловпен бірге), А., 1992; Жүз жыл жырлаған жүрек, А., 1993; Асыл сөздің атасы, А., 1996; Ел тағдыры – ер тағдыры, А., 1997.
Қаламгерлерге Абай атындағы мемлекеттік сыйлық табыс етілді
Еліміздегі бірқатар ақын-жазушыларға Қазастан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласын...
Әлібек Асқаров. Боямасыз баяндар (Алтыншы дәптер)
Біздің мемлекетіміз Тәуелсіздікті 1991 жылдың соңында, 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Яғни, бұл...
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ. АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?
Атады таң, батады күн, толады ай.Ауысады күнде саба, толағай.Бірі барда бірі болмай, жоқты аңсап,Нег...