Қаламгерлерге Абай атындағы мемлекеттік сыйлық табыс етілді

ӘДЕБИЕТ
3621

Еліміздегі бірқатар ақын-жазушыларға Қазастан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. 

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

  1. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы - «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін;
  2. Ақсұңқар Серікке, ақын - «Көкейімде Күлтегінің жазуы» өлеңдер жинағы үшін;
  3. Есім Ғарифоллаға, жазушы - «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін;
  4. Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы - «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
  5. Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын - «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін;
  6. Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург - «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
  7. Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы - «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілді.

"Мәдениет порталының" ұжымы барлық қаламгерлерді шын жүректен құттықтап, шығармашылықтарына табыс, отбасыларына амандық тілейді!


madeniportal.kz

author

Бақытжан Қанапиянов

АУДАРМАШЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...