Нұрлан Оразалин
Биография
Толығырақ
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Дихан (қазіргі Көкбастау) ауылында дүниеге келген. Мектепті 1965 жылы күміс медальмен бітіріп, сол жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің) филология факультетіне оқуға түсті.
Еңбек жолын 1970 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер болып бастады. 1972–1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. 1984–1986 жылдары Республикалық қуыршақ театрының директоры болды. 1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының Бірінші құрылтайында Одақ Басқармасының бірінші хатшысы болып сайланды. 1986 жылы Мәскеу қаласында өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының құрылтайында Басқарма құрамына енді. 1990 жылы баламалы негізде өткен Республика Жоғарғы Кеңесі сайлауында ел сеніміне ие болып, 1990–1994 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі ХII шақырылымының депутаты болды; Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1991–1992 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары, 1993–1996 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетінің Бас редакторы қызметтерін атқарды. 1993–1998 жж. аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. 1996 жылы Қазақстан Жазушылары одағы басқармасының Бірінші хатшысы болып сайланды.
Алғашқы өлеңдері «Жас керуен» (1969), «Көктем тынысы» (1975) ұжымдық жинақтарына енген. «Беймаза көңіл», «Көктем көші», «Жетінші құрлық», «Адамзатқа аманат», «Құралайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», «Сырнайлы шақ», «Жүрекжарды», «Жасыл от» («Зеленый огонь» орыс тілінде), «Қоздағы шоқ» атты жыр жинақтары мен үш томдық таңдамалы жыр кітабы, «Азаттық айдыны» атты көркем публицистикалық-эссе толғаулар кітабы, «Қырғын» атты драмалық шығармалар жинағы жарық көрді. Оқырман қауымның жүрегін тербеп, ойын баураған, өз мінезі, өз үнімен дараланған жыр дүниесі ақын есімін қазіргі қазақ поэзиясының алдыңғы сапына алып шықты. Сондай-ақ өміріміздің қат-қабат қырлары мен сырларын талдауға, тануға ден қоятын «Шырақ жанған түн», «Тас киіктер», «Аққұс туралы аңыз» («Бойтұмар»), «Қарымта», «Қилы заман», (М.Әуезов шығармасының ізімен жазылған), «Бастықтың бір күні», «Қарақазан ғасыр», «Көктемнің соңғы кеші» тәрізді драмалық шығармалары көп жылдар бойы Қазақстан театрларында табыспен жүріп, теле-радио спектакльдерінің арқауына айналды. «Аққұс туралы аңыз» қойылымы Ресей, Корей, Үнді жерлерінде өткен Халықаралық театр байқауларының жүлдегері атанды. «Қилы заман» пьесасы М.Әуезовтың 100 жылдығына орай өткен театр фестивлінде «Ең үздік инсценировка» жүлдесіне ие болды.
Нұрлан Оразалин көркем сын мен көркем аударма салаларында да жемісті еңбек етіп келеді. Ол әр жылдарда әдебиет пен өнер мәселелеріне арнап, талдау мен танымдық сипаттағы көлемді мақалалар, портреттер, эссе-толғаулар жазды. Орыс жазушысы Г.Свиридовтың «Жанкешті сапар» романын, үнді классигі Р.Тагордың «Пошта», қалмақ драматургы А.Балақаевтың «Ана жүрегі», әзірбайжан драматургы Р.Гейдардың «Бір ендіктің тынысы», неміс драматургы Х.Каллаудың «Зәйтүн толы құмыра», белорус драматургы А.Петрашкевичтің «Дабыл» пьесаларын қазақшаға аударды.
Ақынның «Шырақ жанған түн», «Аққұс туралы аңыз» пьесалары орыс, украин, қырғыз тілдеріне аударылып, өлеңдері орыс,француз,ағылшын, украин, болгар, түрік, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды.
Нұрлан Оразалин – еліміздің саяси, мәдени, өміріне қоян-қолтық араласып, рухани кеңістігіміз бен ұлттық ойлау жүйеміздің тұтастығын сақтауда қайраткерлік қарым танытып жүрген тұлға. Ол Алматы, Астана, Мәскеу, Вашингтон, Нью-Йорк, Париж, Пекин, Ыстамбұл, Анталия, Киев, Баку, Ташкент, Бішкек, Душанбе, т.б. қалаларда өткен көптеген халықаралық форумдарда сөз сөйлеп, баяндамалар жасады. Штаб – пәтері Ыстамбұл қаласында орналасқан Халықаралық ұйым – «Диалог Евразия» Платформасының Төрағасы, Қор қасынан шығатын «ДА» («Диалог Евразия») журналының алқа мүшесі. Сондай-ақ, Мәскеу қаласындағы Жазушылар ұйымдарының Халықаралық Қауымдастығы Төрағасының орынбасары, Халықаралық Әдеби Қордың Теңтөрағасы, Орта Азия халықтары мәдени Ассамблеясының вице-президенті.
Ол 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқын қорғау комиссиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Қоғамдық Палатасының мүшесі.
Нұрлан Оразалин «Ғасырмен қоштасу» жыр кітабы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Алматы қаласы мен Алматы облысының Құрметті азаматы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
Жасыру

Жолдау ел тұтастығын қамтамасыз етуге, сыртқы беделін арттыруға бағытталды- Нұрлан Оразалин
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы аса бір тарихи қиын, күрделі кезеңде жолданып о...