Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...
Жолдау ел тұтастығын қамтамасыз етуге, сыртқы беделін арттыруға бағытталды- Нұрлан Оразалин
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы аса бір тарихи қиын, күрделі кезеңде жолданып отыр. Мұндай пікірді ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрлан Оразалин білдірді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
«Бұл Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы, ең әуелі, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына мән берді. Бүгінгі күнің проблемасын көтерді. Азық-түлік бағасының тұрақсыздығына ерекше тоқталды. Қазіргі таңда әр жерде әр түрлі бағамен сатылып жатқан азық-түлікке жол бермеу керектігі айтылды. Менің көкейіме қонған тағы бір нәрсе – халқымыздың 40 пайызынан астамы ауылдық жерде тұрады. Бүгінде жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салынғаны белгілі. Ауылды жетілдіру үшін жерді игеру мәселесіне назар аударды. Мемлекет басшысы жайылымдық жерлерді орынсыз пайдаланатындар шаруа қожалықтарының өсіп-өнуіне мүмкіндік бермей отыр дегенді ашып айтты»,- дейді ақын.
Сонымен қатар, ол Жолдауда оқу-ағарту ісін дамытуға қатысты біраз жақсы жаңалықтар айтылғанын атап өтті.
«Ғылымды дамыту, грант мерзімін 5 жылға көшіруі мен гранттың орындалуын тексеріп отыруы. Бұл айналып келгенде, елдің ішкі дамуын қамтамасыз ететін критерий деп есептеймін. Мұғалімдерге биыл да қолдау көрсетіледі. Әлбетте, балалардың сауатты, білімді болуы маңызды, олар біздің болашағымыз. Алайда, бюджеттен қамтамасыз етіліп отырған басқа да мамандар бар. Мысалы, мәдениет, спорт саласы. Алдағы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап осының бәрінің жалақысын өсіреді және арғы жылдарда да 20 пайыздан қосып отыруды жалғастырмақ. Осылайша елдің тұрмыстық жағдайын көтереді. Бұл дұрыс деп ойлаймын»,- дейді Нұрлан Оразалин.
Жолдау барысында республикадағы ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 63 000 теңгеге дейін көтеру туралы тапсырма берілді.
«Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесі сынды тақырыптарды қамту елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайын ретке келтірудің нақты ұсыныстары болып тұр. Бұл да дұрыс. Біздің қанша отандастарымыз сол зейнеттік жасқа жетпей кетіп қалып жатыр. Әсірсе, пандемия кезінде талай асылдарымыздан айырылып қалдық. Бір сөзбен айтқанда Мемлекет басышысы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды реттеуді тиісті үкімет органдарына нақтылап берді»,- дейді ол.
Сөз соңында Нұрлан Оразалин Жолдау елдің ішкі тұтастығын қамтамасыз етуге, сыртқы абырой, беделін арттыруға бағытталғанын тілге тиек етті.