Сәдібек Түгел 1955 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Аманкелді ауылында туған.
1980 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы Алматыдағы политология-басқару институтын (бұрынғы жоғарғы партия мектебі) тамамдаған. Әскери міндетін атқарып келген соң, Алматы мақта иіру фабрикасында слесарь болып жұмыс істеген.
1977–1978 жж. Ұлан аудандық «Расцвет» – «Өркен» газетінде аудармашы, 1978–1979 жж. Ұлан аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1979–1984 жж. Ұлан аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1990–1991 жж. аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1991–1992 жж. халық депутаттары аудандық Кеңесінің тексеру комиссиясының төрағасы, 1992–1994 жж. аудандық «Ұлан таңы» – «Уланские зори» газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Мемлекеттік емтихан комиссиясының 1990 жылғы шешімімен политолог, жоғарғы және орта дәрежелі оқу орындарында әлеуметтік-саяси мәселелерінің оқытушысы мамандығын алған.
1994–1998 жж. «Қазақ Телевидениесі мен Радиосы» Корпорациясында жауапты қызметтер атқарып, 1998–2003 жж. Елордамыз – Астана қаласының баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының жетекшісі, Астана Халықаралық баспасөз орталығының бас директоры міндетін атқарған. 2003–2005 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпаратпен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір Қазақстан Республикасы Ұлттық Ат Спорты Түрлері Федерациясының Президенті болып қызмет атқарады.
Әңгімелері газет, журналдарда жарияланып тұрады. «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!» деректі повесінің, «Асыл жиреннің киесі» әңгімелер жинағының авторы.
Жасыру