Сәді-Бек Түгел кандидат ретінде тіркелу үшін 120 175 қол жинаған

САЯСАТ
1791

Сәді-Бек Түгел президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелді. ҚР Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы қабылдады. 


“Ұлы дала қырандары” республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі атынан ұсынылған үміткер Орталық сайлау комиссиясына талап етілген барлық құжатты тапсырған. Сайлау комиссиясы өкілдерінің хабарлауынша, құжаттар қойылған талаптарға толық сай келеді.

Осы хаттамаларға сәйкес президенттікке үміткер Сәді-Бек Түгелдің қолдауына Қазақстанның 15 өңірінен 122 102 азаматтың қолы жиналды, олардың 120 175-і дұрыс деп танылды. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 13/237 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидатты қолдау үшін дұрыс қолдардың қажетті саны – кемінде 118 140 қол, – делінген қаулы жобасында.

Арнайы отырыста баяндалған мәлімет негізінде “2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы” қаулы қабылданды.

Сәді-Бек Түгел Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін. Сәді-Бек Түгелге Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі “Қазақстан Халық жинақ банкі” акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын, – делінген қабылданған қаулыда.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелгені хабарланған еді. ОСК өкілдерінің хабарлауынша, кандидат талап етілген барлық құжатты ұсынған. Тіркелу үшін Қазақстанның 17 өңірінен 315 910 азаматтың қолы жиналды, олардың 313 653-і дұрыс деп танылды.

author

Сәді-Бек Түгел

ЖАЗУШЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ыстанбұлдағы жер сілкінісі кезінде қатты қорқып кеткен Өзбекстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода ақын Мұхтар Шаханов бір шумақ өлеңімен жұрттың сынына қа...