Қабдеш Жұмаділов
Қабдеш Жұмаділов – 1936 жылы 24 сәуірде ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965). (24.04.1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы. Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. [1]Қазақ әдебиеті газетінде (1965 - 67), Жазушы баспасында (1967- 76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976 - 81) қызмет істеген. 1981 жылдан шығарманың жұмыста. Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал Жамал тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын Шұғыла журналында жарияланған. Жұмаділовтің бір олеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық корген. Олардың негізгілері Қаздар қайтып барады (1967) атты әңгімелер жинағы, Көкейкесті (1969), Соңғы қош (1974 - 81,), Атамекен (1985), Тағдыр (1988,) романдары, Соңғы көш (1-кітап 1974; 2-кітап 1981) және Дарабоз (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - Таңғажайып дүние (1998) ғұмырнамалық, Қылкөпір (2003) романдары.
ЖасыруОн адамға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Алматы қаласы күні қарсаң...
Соңғы жылдары халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Жанат Ахмадидың қаламын...
Қабдеш Жұмаділов«Жер қозғалса қозғалар. Бірақ анау-мынауға Қозыбай қозғала қоймас», &mda...
Шіркін, туған ауыл-ай десейші! Соншалық неге қымбатсың деуші едім, ол сырды енді аңғарғандаймын. Кеш...
Кеше Алматыда Қазақстан Жазушылар одағында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президентті...
Киелі қаламын шындықпен суарып, ұлтының қасіретін көркем шығармаларына арқау еткен заңғар жазушымыз...
Бұ кісі де «бір өзі бір библиотека кітап жазған» қаламгерлер қатарына кірсе керек. Әйгіл...
Бұ кісі де «бір өзі бір библиотека кітап жазған» қаламгерлер қатарына кірсе керек. Әйгіл...
Қазақ жазушыларының ішінде эротика саласына қалам шиырлағандары жеткілікті. Бірақ та сол жазушыларым...