Өтежан Нұрғалиев
АҚЫНӨтежан Нұрғалиев - 1938 жылы 15 тамызда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының «Ақжар» ұжымшарында дүниеге келген.
1964 жылы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1964 — 1968 жылдары Жарқала орта мектебінде мұғалім, 1968—1969 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде тілші, 1969—1972 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, содан кейін «Жалын» баспасында редактор болып қызмет атқарған. Қазақ телевидениесінде жұмыс істеді. 2011 жылы 6 қаңтарда Алматы қаласында өмірден өтті.
Әдебиетке алпысыншы жылдары «Менің махаббатым» атты жыр жинағымен келген ақын өлеңдерінде жаңа бояу, тың үн, тосын мінез бар. Ақынның өзі де әдебиетке жаңбыр болып қүйып, нөсер болып төгіліп келді. Әдебиетке жаңа леп, жаңа тыныс қосылды. Ол көптеген кітаптардың авторы. Шығармалары: Менің махаббатым. Өлеңдер. «Жазушы», 1962; Ақ нөсер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Нөсерден кейін. Өлеңдер. А., «Жалын», 1971; Ай астында ақбоз үй. Өлеңдер. А., 1972; Қайыңды тоғай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Таңдамалы. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1976; Соғыстың соңғы жазы. Балладалар. 1-кітап. А., «Жалын», 1977; Соғыстың соңғы жазы. Балладалар. 2,3,4-кітаптар. А., «Жазушы», 1978, 1980, 1984; Тыныштық. Өлеңдер. А., 1987; Афина мектебі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1997. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Жасыру"Ол кезде күн жарық еді..."(Жаңа кітаптан үзінділер)ӨТЕЖАН АҒАӨтежан НұрғалиевҒажап ақын е...
Қай суретші екені есімде жоқ, ілгеріде Өтежан Нұрғалиевқа карикатура салды. Шаңырағын кітаптан жасал...
Көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай республикалық жыр мүшәйрасы жарияланды....
Өтежан Нұрғалиевтің дүниеден өткеніне 5 жыл толу қарсаңында мәдениеттанушы Әуезхан Қодар ақынның шығ...
Ақын Өтежан Нұрғалиев сұхбат берген басылым нөмiрiн оқырман қауым iздеп жүрiп оқиды.Нелiктен?Бiздiңш...
Бірде Өтағаңа көшеде жолығып қалдым. Көптен көрген жоқ едім. Сол бұрынғы сөз саптасы. Әңгімесінің ар...
Өтежан Нұрғалиев пен Олжас Қасымның рухани әңгімесіМен Өтекеңді бір көрсем деп кішкене кезімнен бері...
Соңғы сұхбат - Өтежан Нұрғалиев
«МАҒАН «ЖАСЫМА» ДЕП РУХ БЕРЕТІНДЕР БАР»– Бүгінгі күні алпысыншы жылдар...
Қазақ әдебиетіндегі айрықша құбылыс болып саналатын ақынның шығармашылық лабораториясына үңілмек бол...