
Қаржаубай Сартқожаұлы
ҒАЛЫМҚаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 22 наурызда Моңғолияның Баян-өлгей өлкесінде дүниеге келген.
1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1985–1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған. 1973–1975 жж. Баянөлгей аймағында №10 мектепте ұстаз, 1975–1989 жж. Моңғолия ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, 1989–1995 жж. Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры, 1995–1998 жж. Баянөлгей аймақтық мәслихат төрағасы, 1995–1998 жж. Моңғолия ҒА Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры, 2001 жылдан Еуразия Ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография лабораториясының меңгерушісі. Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древнотюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 80-ге жуық ғылыми мақалалары Москва, Улан-Батор, Пекин, Стамбул, Лондон, Париж, Алматы, Астана қалаларында ғылыми басылымдарда жарияланды.
ҚР Премьер-Министрі орынбасарының Құрмет грамотасымен (2001), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

Бурхан Халдунда болған әңгіме немесе Шыңғыс хан жерленген «Тәңір обасы»
Соңғы жылдары әлем оқырмандарының Шыңғыс ханға деген қызығушылықтары арта түсті. Оның өлімі, жерленг...

«Бір жұтым қымыз» һәм қылаң дүние...
(Хроместезиялық эссе)жазушы Қаржаубай Сартқожаның 1973 жылы жазылған – «Бір ж...

«Орхон ескерткіштерінің толық Атласының» таныстырылымы өтеді
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада 21 ақпан күні "Орхон ескерткіштерінің толық Атласы&qu...