Жұмагүл Солтиева
Биография
Толығырақ
Жұмагүл Солтиева 1948 жылы 27 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында дүниеге келген.
1972 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Заман-Қазақстан» газеттері мен «Балдырған» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақстан әйелдері» журналында бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет етеді.
Тырнақалды туындысы «Жібек жолы» атты жас прозаиктердің әңгімелер жинағына енген. «Тастүлек» («Жазушы», 1987), «Сыпайылық сыры» («Қайнар», 1997), «Жалғыз бала» («Жалын», 1999) кітаптарының авторы. 1991 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінің, Қазақстан Журналистер одағының О.Бөкей атындағы сыйлықтарының иегері.
Фариза Оңғарсынова. Жазушы Жұмагүл Солтиева жайлы сыр
Жазушы Жұмагүл СолтиеваАТЫ ТӨБЕ ДЕМЕСЕҢ, СУЫҚТӨБЕ БИІК ТАУ… немесе жазушы Жұма...