Әбіш Кекілбайұлы
ЖАЗУШЫЖазушының дүниедегі ең жақын бауыры – оқырман. Бар жан сырын тек оған сеніп айтады. Жазған-сызғанымның бас-аяғын түгендеп алдарыңызға ұсынып отырмын. Көңілдеріңізге қонып жатса шексіз қуаныштымын
ТолығырақӘбіш Кекілбайұлы - 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылында дүниеге келген. Жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1995). 1962 жылы - ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 1962-1965 жылдары - «Қазақ әдебиеті» және «Лениншіл жас» қазіргі («Жас Алаш») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі; 1965-1968 жылдары - Қазақстан Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесі; 1970-1975 жылдары - Қазақфильм киностудиясында бас редактор; 1975-1984 жылдары - Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі; 1984-1986 жылдары - Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары; 1986-1988 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы; 1988-1990 жылдары - Қазақ тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық кеңесі президиумының төрағасы; 1990 жылы - Қазақстан КП ОК-нің бөлім меңгерушісі; 1991 жылы - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы; 1992-1993 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы; 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі; 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің төрағасы, 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы бірінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, 2002 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 2015 жылғы 11 желтоқсанда 76 жасында Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев кенеттен қайтыс болды. | |
|
Шығармашылығы
Ә.Кекілбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1963 жылы жарық көрді. Одан кейін «Бір шөкім бұлт» (1966, повесть және әңгімелер), «Дала балладалары» (1968, повестер), «Дәуірмен бетпе-бет» (1972, сын мақалалар), «Тырау-тырау тырналар» (1973, жолжазба очерктер), «Бір уыс топырақ» (1974, роман және повестер), «Құс қанаты» (1975), «Баллады степей» (1975, «Молодая гвардия» баспасы), «Последний снег» (1978, повестер мен әңгімелер), «Баллады забытых лет» (1979, романдар, повестер, «Известия» баспасы), «Конец легенды» (1979, повестер), «Үркер» (1981, роман), «Елең-алаң» (1984, роман) кітаптары жарық көрді. Жазушының бірқатар шығармалары орыс, неміс, болгар, поляк, мажар, чех тілдеріне аударылды. Ә.Кекілбаев Г.Мопассанның «Пьер мен Жан», «Өмір» романдарын, Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» повесін қазақ тіліне аударды. Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын, И.Буниннің бірқатар шығармаларын тәржімалауға қатысты. В.Шекспирдің «Король Лир», «Ромео мен Джульетта», К.Гоццидің «Турандот ханшайым», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», М.Фриштің «Дон-Жуанның думаны» пьесалары және басқа да шығармалар Ә.Кекілбаевтың аудармасы арқылы республика театрларының репертуарына енді. «Құрмет белгісі» (1989), «Отан» (1999), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» (2004) мемлекеттік наградаларымен, «Содружество» (2003, ТМД ПАА) орденімен, сондай-ақ төрт медальмен марапатталды. Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының (1987), Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1995) лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) атанды. | ||
1963 | «Алтын шуақ» өлеңдер жинағы | |
1966 | «Бір шөкім бұлт» (повесть және әңгімелер) | |
1968 | «Дала балладалары» (повестер) | |
1972 | «Дәуірмен бетпе-бет» (сын мақалалар) |
Отбасы
Жары: Жұмабаева Клара Калекенқызы (1941 ж.т.)
Балалары:
ұлдары - Әулет (1965 - 2013), Дәулет (1975);
қыздары - Заузат (1967), Сәулет (1971)
Немерелері: Динара (1982), Абыл (1986),
Жібек (1992), Зухра (1993), Батухан (1995),
Баязит (1997), Елдар (2002), Алуа (2006)
ІІ халықаралық «ABISH ALEMI» театр фестивалі басталуына байланысты Нұрмұхан Жантө...
ХХ ғасыр қазақ жазба әдебиеті мен аударма мәдениеті қатар дамыған озғын әрі олжалы дәуір. Аударма де...
Шынында да, қызық өзі. Пушкин досы Гогольді көзінен жас аққанша күлдірді. Гоголь Пушкин айтқан екі ә...
«Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» дейтін сөз бар еді. Бірақ қазір сөйлеу үшін б...
Бүгін Олжас Сүлейменовтің туған күні! Ақынның өлеңдері қазақ тіліне өте көп аударылды. Ақын өлеңдері...
Режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмі 21-22 желтоқсанда Үндістанның Джейпур қала...
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мә...
Әбіш Кекілбайұлы қазақ халқының ешбір ұлтқа ұқсамайтын өзіндік менталитетін ғажайып көркем шығармала...
Әбдіжәміл Нұрпейісов... Қан мен тер.Бүкіл тіршіліктің салмағын арқалаған осы бір-екі сөзбен ат...
Не все ли равно, про кого говорить? Заслуживает этого каждый из живших на землеИ. А. Бунин.Жиде сайғ...
Бәйгеторы Сейісті бірден таныды. Сейіс бірақ осы ауылдың бота-тайлағына таланып, жал мен құйрықтан а...
Желтөбенің етегіндегі ауылға енді жақындай бергенде барып байқады - батар күн құлақтанып тұр екен. Т...
Ағыны арна бұзған...(Ілияс Жансүргіровке)Білмеймін, не керемет теңдеседі,Білмеймін, не ғажайып шенде...
ӘКЕ поэма Уа, Мезгіл! Талай-талай жазың келді, Қыр дөңін сан қайтара сағым көмді. Кекілім қайырыл...
Ә.Кекілбаев – әдебиетке кемел ойымен, көркем сөзімен келген гуманист жазушы. Оның шығармаларын...
Биыл Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникац...
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлы феноменін зе...
Бунинді оқу – оңаша аллеядағы бейуақ жолығыстай әрі сырлы, әрі мұңлы. Қапелімде қаймыға жүздес...
Әбіш КекілбайұлыИСИКАВА ТОНУДОКИ Тағат таппай тосып жүрмін өлімді – Шипа ғой сол жазатын бар...
Кемелділік... Осы жалғыз ауыз сөз қазіргі дауымыздың ең басты мұратына айналып отыр. Мұндай тұста эк...