Шәрбану Бейсенова
ЖАЗУШЫБейсенова Шәрбану Қонақбайқызы 1947 жылы Шығыс Қазақстан облысы , Ұлан ауданында, Алмасай ауылында туған. 1965 жылы Өскемен қаласында Жамбыл атындағы мектепті күміс медальмен бітіріп, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. Университетті 1969 жылы ойдағыдай тәмамдаған ол еңбек жолын республикалық «Мәдениет және тұрмыс» қазіргі «Парасат » журналында 1968 жылы әдеби қызметкер болып бастайды. Кейіннен сол басылымда бөлім меңгерушісі болған. 1980 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысады. Осы журналда ол 1998 жылға дейін қызмет атқарған. Астананың Алматыдан Ақмолаға ауысуына орай Шәрбану Қонақбайқызы да Елордаға көшіп келіп, ол жерде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Баспа істері жөніндегі департаментінде бас маман болып қызмет атқарды. Жаңадан жарық көрген кітаптардың насихатымен айналысқан. «Қазақ әдебиеті » газетінің «Кітап әлемі» деген қосымшасының редакторы болды.
Шәрбану Қонақбайқызының алғашқы әңгімелері, новеллалары облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газеті мен «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрды.
Шәрбану Қонақбайқызы негізінде прозалық шығармалар жазады. Ол төл туындыларын жазумен қатар аудармамен де айналысады. Ол ТМД –ның бірталай елдерінің жазушыларының орыс тілінде жарық көрген шығармаларын қазақ тіліне аударған. Мәселен,Украин жазушысы Владимир Дроздың «Ең ұзақ күн» (1995ж.), эстон жазушысы Эне Ермаковтың «Мен он алты жастамын.» (1995ж.), Әзірбайжан жазушы Анар Рзаевтың «Түсіме жиі кірмеші» (1992ж.), латыш жазушысы Д.Рукшаненің «Шырғалаң» ( 2007ж.), армян жазушылары Давид Мурадянның «Шыршаның жанында тұрған сурет» (2008ж.), Э.Авакянның «Қаңғыбас Коля» , «Ақын мен Қарабала» (2009ж.) атты шығармаларын, Х.Андерсеннің ертегілерін (1980ж.) қазақ тіліне көркем тілде аударған.
Ол сондай-ақ шет ел әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын да қазақ тілінде сөйлете білді. Мысалы, латиноамерикалық көрнекті қаламгер Жоржи Амадудың «Құм жағалаудың капитандары» ( 2006ж.) атты романын, неміс жазушысы Вольфганг Борхерттің «Жабық есік алдындағы жалғыз» (2010 ж.) атты пъесасын және бірқатар әңгімелерін аударған.
Шәрбану Бейсенованың бұлардан басқа да көптеген деректі әңгімелері бар. Ол жазғандары «Топжарған қыздар» (1985ж.) және «Тағылымды тағдырлар» (2000ж.) деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Соның ішінде, «Тағылымды тағдырлар» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2001жылы ) берілген.
Ш.Бейсенованың баспасөз саласындағы отыз жылға тарта жасаған еңбегі де елеусіз қалмаған. Ол 1985 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Ол ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен ҚР мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының "Мәдениет Қайраткері" құрмет белгісімен (2006ж.) марапатталған. Куәлік № 1157.
Шәрбану Бейсенова кейнгі жылдары көркем шығармамен , оның ішінде тарихи тұлғалар туралы жазумен шұғылданып, үлкен ізденіс үстінде жүр. Осы жылдары оның қаламынан тарихи тұлғаларға арналған «Сүзге дастан» ( 2008 ж.), «Бір махаббат баяны» (2009ж.) сияқты кітаптары жарық көрді.Оның осы еңбектеріне орай, 2007 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген.
Шәрбану Бейсенова басқа да көптеген мерекелік медальдармен марапатталды. Атап айтар болсақ:
2001 жылғы желтоқсанның 3-дегі Елбасы Жарлығы бойынша "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10жыл " мерекелік медалімен наградталды. (куәлік № 07865).
Қазақстан Республикасы президентінің 2011 жылғы 10-қарашадағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20жыл" мерекелік медалімен наградталды. (куәлік № 06750).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29-қарашадағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жыл" мерекелік медалімен наградталды. (куәлік № 24225).
2015жылы 27 мамырда Ректордың №182 бұйрығымен "әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 80 жыл" атты мерейтойлық медалімен марапатталды. (куәлік № 199).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы Жарлығы бойынша "Астана 20 жыл" мерекелік медалімен наградталды.№ 03028 .
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Күлтегін" медалімен 2018 жылы 17 қырқүйегінде марапатталды.
2018 жылы қырқүйек айында Шығыс Қазақстан облысы "Ұлан"ауданына 90 жыл" мерейтойлық төс белгісімен марапатталды. Оған 2009жылы өзінің туған жері "Ұлан ауданының Құрметті азаматы" атағы берілген болатын (куәлік №29).
Сонымен қатар, 2017жылы Алматы облысы, Райымбек ауданының Құрметті азаматы атағы берілді (куәлік № 102)
Ол қазіргі уақытта «Ұлы дала арулары» атты тарихи кітаптар сериясын жасауды қолға алып осы мақсатта зерттеу, іздену үстінде. Шығармашылығына керекті дерек жинау үшін жиі сапарларға шығып тұрады.
Мысалы, ол 2012 жылы Рессей Федерациясы, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында ресми сапарда болып қайты. Осы сапардың нәтижесінде «Сүйінбике –Ұлы Дала аруы» атты кітабы жазылды, ол Астана қаласындағы «Фолиант » баспасынан 2016 жылы жарық көрді. Аталған баспадан 2018жылы "Бозоқ аруы" атты еңбегі жарық көрді.
Ш.Бейсенованың еңбектері орыс, татар, түрік тілдеріне аударылған.
Жарық көрген кітаптары, шығармалары:
- «Тойға келген келіншек». әңгімелер жинағы . Алматы. «Жалын», 1980ж.
- «Қызғалдақтар». Ұжымдық жинақ- «Зағипа » повесі. Алматы. «Жазушы», 1983ж.
- «Топжарған қыздар». Деректі әңгімелер . Алматы «Жалын» , 1985ж.
- «Қазақ ауылы» ұжымдық жинақ «Темірқазық» әңгімесі. Алматы. «Жазушы». 1985ж.
- «Сезімтал жүрек». Повесть және әңгімелер. Алматы. «Жазушы». 1988ж.
- «Тағылымды тағдырлар». Астана, «Елорда» 2000ж.
- «Нарық нақыштары». Ұжымдық жинақ: «Қарлыған піскен шақ», «Қамсыздандыру агенті » әңгімелері. Алматы. «Қайнар», 2003ж.
- «Мизамшуақ» әңгімелер жинағы . Алматы «Өлке» .2006ж.
- «Сүзгенің соңғы күндері». Хиқаят және әңгімелер жинағы I том. «АнАрыс», 2008ж.
- «Бір махаббат баяны » . Хикаят және әңгімелер жинағы II том. «АнАрыс» 2009ж.
- «Туған үйдің түтіні» Таңдамалы шығармалары. Астана. «Фолиант». 2011жыл.
- «Сказ об одной любви» Повести и рассказы (орыс тілінде) Астана. «Аударма». 2011 жыл.
- «Сара саңлақ» (идея авторы және құрастырушысы) Астана, «Профи Медиа» 2012ж.
- «Сара саңлақ» (идея авторы және құрастырушысы) Алматы , «Жазушы». II–басылымы. 2014ж.
- «Сүйінбике Ұлы Дала аруы» . Астана. « Фолиант» . 2016ж.
- "Бозоқ аруы". повесть . Астана. « Фолиант» . 2018ж.
Ол сонымен қатар, құдай қосқан қосағы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев артында қалған мұрасының сақталуының және насихаталуының ұйытқысы. Оның құрастыруымен С. Әшімбаев мұралары да дүркін дүркін жарық көруде. Қаламгер Ш.Бейсенова қазір Астана қаласында тұрады.Үш немеренің әжесі.
ЖасыруМәулен Әшімбаев«Мәдениет порталының» сайлауға қатысты сүйекті сараптамалар бере бас...
2019 ж. 1 наурызда Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде Алғыс айту күні аталып өтті. Іс-...
Шәрбану БЕЙСЕНОВА, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:Әр жазушының жан...
Шәрбану БейсеноваАқжамал бүгін өзін ерекше сергек сезінгені: тап бір қолтығының астына қанат байлап,...
Шәрбану БейсеноваАқжамалдың жастыққа басын қойып, қисайғаны сол еді, жотасына ызғырық жел уілдегенде...