Мұстафа Өзтүрік
ҚАЙРАТКЕРАты әлемге танымал спортшы, таэквондодан қара белбеу 6-дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы
ТолығырақАты әлемге танымал спортшы, таэквондодан қара белбеу 6-дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (Өзтүрік) 1954 жылы 23-қарашада Түркияның Қайсері қаласында дүниеге келген болатын. Орта мектепті Ыстамбұлда бітіріп, 1975-80 жылдары Тайванның Тайпей қаласындағы Халықаралық саясат университетіннен халықаралық журналист мамандығын игереді. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренген ол кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстамбұл қалаларында өзінің таэквонда мектептерін ашты 1990 жылы Қазақстан билігінің елге шақыруымен Алматыға келіп, Қазақстан азаматтығын алды. 1991 жылдан бастап Қазақстанда таеквондо мектептерін ашып, шәкірттер тәрбиелеп, елге есімі ерекше тез танылды.
Мұстафа Өзтүрік иек спортшы ғана емес, саясаткер, ойы жүйрік тұлға ретінде көріне бастады. Ол ел аралап, халықпен жүздесуге барғанда облыс орталықтарында оны президент келгендей қарсы алып, он мыңдаған адам жиналатын. Қасында жүргендердің естеліктеріне көз жүгіртсеңіз, оның шешен сөйлейтінін, өзін ақсүйектерше ұстайтытын, кез келген мәселеге жаңа мазмұн беріп, жаңаша ойлауды қалыптастырғанын көресіз.
1994 жылы Мұстафа Өзтүрік Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі депутаттығына өз кандидатурасын ұсынады. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, ерекше ілтипатына ие болғанына қарамастан, сайлауда қарсыласы Зауре Қадырова 85 пайыз дауыс жинаса, халықтың небары 15 пайызы Мұстафаға дауыс берген. Бұл - парадокс еді...
1995 жылы 15 наурызда Алматыда Мұстафа Өзтүрік қайтыс болды. Оның тамағына у қосылғаны, дер уақытында дәрігерге қаралмағаны, қасында бірге түстенген жеті адамның бәрінің аман қалып, астан тек Мұстафаның улануы әлі де жұмбақ. Оны өлтіруге кімдердің мүдделі болғаны туралы аңыз көп... Мұстафа ең әуелі билікке жақпады, саяси көзқарастарында ашықтықты жиі айтты, сол үшін жоғары мәнсаптылар оны ертерек "жолдан" ысыруға ұмтылды деген көзқарас жиі айтылады.
ЖасыруТәуелсіздік тұсында жұмбақ жағдайда қайтыс болғандар, өлімінің сыры әлі ашылмаған қоғам қайраткерлер...
Қамшының сабындай аз ғана ғұмырында артынан өшпес із қалдырып, елімізге жаңалық әкеліп, еңбегін сіңі...