Марат Оспанов
ҚАЙРАТКЕР1949 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Экономикалық реформа, бюджет пен қаржы мәселесі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары (1990-91), ҚР Мемлекеттік Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары (1991-92), ҚР Қаржы министрінің 1-орынбасары – Бас салық инспекциясының бастығы (1993-94), ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Шетелдік капиталды игеру жөніндегі комитеттің төрағасы (1995), ҚР Парламентінің бірінші шақырылымдағы Мәжілісінің төрағасы (1996-99), «Отан» партиясы төрағасының орынбасары (1999-2000) Марат Оспанов 2000 жылы қайтыс болған.
Марат Оспанов өмірінің соңғы жылдарына Үкімет пен билікті жиі сынап, "біздің бағытымыз дұрыс емес" деген көзқарасын баспасөзге ашық жариялаған. Ол "Бүгінгі Үкіметтен үміт жоқ, қазақ билігі бұра тартып, халықтың мүддесінен өз мүддесін жоғары қойып отыр" деген сыңайдағы жазбаларымен көзге түседі. Оның өліміне сол кездегі Үкімет пен билікке қиыс ұстанымы себеп болды дейтіндер көп...
Марат Оспанов: "Біз экономиканың тығырыққа тірелген, тұрақсызданған, аса ауыр жағдайында тұрмыз. Мұндай экономиканың өз заңдары мен талаптары бар. Мұндай экономиканы басқару аса ауыр. Үкіметті саясиландыруға болмайды. Бұл таза экономикалық орган және солай қалуы тиіс.
Оның жұмыс тиімділігі – атқарар қызметін нақты айқындағаны, экономиканы мемлекеттік бақылауға алудың салалары мен шекарасын белгілегеніне, жүйеге таза әрі білікті кадрларды іріктегеніне, заңды сақтағанына және қоғамдық демократиялық институттарды дамытқанына байланысты болады.
Иә, адам ретінде кез келген үкімет мүшесінің пафосты мәлімдемесін түсінуге тырысасың. Ешкім экономиканы және әлеуметтік жағдайды жаман жағынан көрсеткісі келмейді. Алайда мұндайда Үкімет жағдайға әділ баға бере алмайды, соның салдарынан шешім қабылдауда қателеседі. Мұның арты басқа да қателіктерге ұрындырады".
Тәуелсіздік тұсында жұмбақ жағдайда қайтыс болғандар, өлімінің сыры әлі ашылмаған қоғам қайраткерлер...