Рахат Мұхтарұлы Әлиев
ҚАЙРАТКЕР2015 жылы 24 ақпан күні Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.
Толығырақ1962 ж. туған. Орта жүздің қоңырат тайпасынан.
Алматы мемлекеттік медицина институтын, «Әділет» Жоғары құқық мектебін бітірген. Медицина және экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Төтенше және Өкілетті І сыныпты Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
1986—93 жж. ғылыми жұмыспен айналысты.
1993—96 жж. кәсіпкерлік қызметте.
1996—97 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы Бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
1997—98 жж. Алматы қаласы Салық полициясы департаментінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық полициясы департаментінің директоры.
1998—99 жж. Бірінші вице-министр — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитетінің төрағасы.
1999—2000 жж. — Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы. 2000-2001 жылы — Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының Бірінші орынбасары.
2001—02 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары.
2000 жылдан бастап Қазақстан футбол одағының қоғамдық негіздегі президенті.
2002—05 жж. — Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы, Хорватия Республикасындағы, Македония Республикасындағы, Сербия және Черногория Одақтас Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі.
2005—2007 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің Бірінші орынбасары.
2005 ж. тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі.
2007 ж. ақпаннан — Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2007 ж. мамырдың 26 — ҚР Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 26-бабы 4-ші тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-ның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ҚР-ның арнаулы өкілі Рахат Әлиевті қызметтерінен босату туралы ҚР Бас прокурорымен келісілген ұсыныс түсірді. Онда Р.Әлиевтің ҚР Қылмыстық кодексінің 3-ші бөлімінің 125-ші бабында көзделген — «өзінің жеке мүддесі үшін ұйымдасқан топтың әрекетімен адамдарды ұрлау, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін екі және одан да көп адамдарға бірнеше мәрте қару қолдану және зорлық-зомбылық көрсету» бойынша айыпталып отырғаны айтылған.
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы мамырдың 26-сындағы № 333 Жарлығымен Рахат Әлиев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен босатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рахат Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі қызметінен босатылды.
2007 ж. мамырдың 28 — Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратураның санкциясымен оны тұтқындауға ұйғарылды.
2015 жылы 24 ақпан күні Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.
Марапаттары
II дәрежелі «Данқ» ордені мен «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» юбилейлік медальінің иегері. 2008 жылдың 20 cәуіріндегі ҚР Президентінің Нұсқауымен барлық марапаттаудан, "қаржы полициясының генерал-майоры" арнайы атағынан, "генерал-майор" әскери атағынан және елшілік дәрежелерінен айырылды.
Отбасы жағдайы
Бұрынғы зайыбы, Дариға Назарбаевамен (Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы) үш бала: Әлиев, Нұрәлі Рахатұлы, 1985 ж.т., Назарбаев, Айсұлтан Рахатұлы, 1990 ж.т.; Әлиева, Венера Рахатқызы, 2000 ж.т. тапқан.
Тәуелсіздік тұсында жұмбақ жағдайда қайтыс болғандар, өлімінің сыры әлі ашылмаған қоғам қайраткерлер...